Кезекті «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбындағы іс-шара жоғары оқу орнының жатақханаларында тұратын студенттерге өткізілді.
Оларға ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен дайындалған есірткіге қарсы бейнероликтер көрсетілді.
— Кездесудің мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, жастардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін, жастардың нашақорлыққа теріс көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Нашақорлық – 21 ғасырдағы аса ауыр, қауіпті дерттің бірі екенін есте ұстаған жөн, онымен күресіп қана қоймай, оның алдын алу керек, — деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Ол барлық азаматты есірткі притондарын ұйымдастыру, есірткіні сату, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрі-дәрмектерді рецептсіз беру фактілері туралы ақпарат болса, «Narko Shekteu Taraz» Telegram арнасына немесе 102-ге хабарлауға шақырды.