3 күн ішінде облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 8 есірткі қылмысын анықтады, заңсыз айналымнан түрлі есірткі құралдарының 28-ден астам түрі тәркіленді.
Тараздағы зауыттардың бірін тексеру барысында 59 тонна күкірт қышқылы бар цистерна табылып, мөрленді, құжаттарға тексеру жүргізілуде.
— Үш күннің ішінде 1680 таблетка, 5000 грамм улы заттар және 59 тонна күкірт қышқылы тәркіленді. 9 әкімшілік хаттама толтырылды: ҚР ӘҚБтК 426-бабы (дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу) бойынша – 8 және ҚР ӘҚБтК 424-бабы (заңсыз Медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет) – 1, сондай-ақ 32 дәріхана, 7 медициналық мекеме және 3 кәсіпорын тексерілді, — деп хабарлады ПД ЕҚҚІБ бастығы полковник Әлім Бажықбаев.
Іс-шара жалғасуда.