Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Анықталғандай, белгісіз адам ер адамның абоненттік нөмірін алып, банктің қосымшасынан тексеруден өтіп, электронды құжаттарды пайдалана отырып, жәбірленушінің атына онлайн несие рәсімдеп, ақшасын иеленген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Қаратау қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындады, тергеу әрекеттері жалғасуда.