• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home сауда

Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда азық-түлік инфляциясының жылдық көрсеткіші төмендеді

by Jasyn
06/03/2024
in сауда
0
Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда азық-түлік инфляциясының жылдық көрсеткіші төмендеді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

СИМ Сауда комитетінің мәліметінше, өткен аптада елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасының орташа өсу индексі 0%-ды құрады. Жыл басынан бергі орташа көрсеткіш – 3,3%.

«Өткен аптада ұн, нан, қарақұмық, күнбағыс және сары май, сиыр еті, сүт және сүзбе бағасы тұрақты болды. 5 тауарға баға төмендеді. Атап айтқанда, қырыққабат пен сәбіз – 1,3%, картоп – 0,7%, пияз және қант – 0,5%-ға төмендеді», — деп хабарлады Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.

Сонымен қатар өткен аптада еліміздің 13 өңірінде жұмыртқа бағасының орта есеппен 1,3%-ға өсуі байқалады. Бұл ретте Сауда комитеті жұмыртқа бағасын тұрақтандыру үшін тікелей өндірушілермен келісімшарт жүргізіп, өнімді бірден сауда орындарына жеткізу схемасын ұсынды. Бағаны тұрақтандыру қағидаларына сәйкес, өңірлер әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 3 айлық қажеттіліктің 50%-ына дейін келісімшарт жасай алады. Мәселен, өңірлердің 382 млн дана қажеттілігіне тек 103 млн данаға (немесе 21,2%-ға) келісімшарт жасалды. Бүгінде бірде-бір облыс келісімшартпен 100% қамтамасыз етілмеген.

Маңғыстау облысының әкімдігі жұмыртқа бағасына логистикалық мәселелердің әсер еткенін жеткізді. Атап айтқанда, облыстың жеке құс фабрикасы жоқ, өнімнің бір бөлігі Ресей Федерациясынан әкелінеді. Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне жақын өңірлердегі құс фабрикаларынан жұмыртқа жеткізу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Кеңеске қатысушылар ел өңірлеріне арзандатылған астықты жеткізу мәселесіне жеке тоқталды. Сауда комитетінің мәліметінше, бүгінгі таңда 16 өңір Азық-түлік корпорациясының резервтерінен астық сатып алу мәселесін пысықтаған. Астық пен ұнды жөнелтуді 10 өңір жүзеге асыруда. Атырау облысы қосымша астық жеткізуді сұрады. Бұл өңірге вице-премьердің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін Азық-түлік корпорациясының резервінен 2 мың тонна жөнелтіледі.

Негізгі көкөніс позициялары бойынша барлық өңір қажетті көлемдегі келісімшарттармен қамтамасыз етілген. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің сөзінше, маусымаралық кезең үшін өңірлерге сәбіз, пияз және картоп көлемі толықтай жеткізілді. Астана әкімдігінің ақпаратына сәйкес, қырыққабат бойынша келісімшарт көлемі екі апта ішінде ұсынылатын көлемге жеткізіледі.

«Қазан айында азық—түлік инфляциясы жылдық көрсеткіште 1%-ға төмендеді. Екі ай қатарынан азық—түлік тауарлары бағасының өсу индексі азық—түлік емес тауарлар мен қызметтерге қарағанда төмен. Бұл жақсы үрдіс, қол жеткізілген позицияны сақтау үшін осы жұмысты жалғастыру қажет», — деп түйіндеді кеңес қорытындысын Серік Жұманғарин.

 

Tags: азық-түлік инфляциясының жылдық көрсеткіші
Jasyn

Jasyn

Next Post
Национальный павильон Казахстана привлекает высокопоставленных гостей на ЭКСПО в Шанхае

Национальный павильон Казахстана привлекает высокопоставленных гостей на ЭКСПО в Шанхае

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Оралда саябақтағы аттракционнан 8 бала құлап кетті

Оралда саябақтағы аттракционнан 8 бала құлап кетті

4 года ago
Ұлттық санақты өткізуге кімдер, қандай жалақыға қабылданады

Ұлттық санақты өткізуге кімдер, қандай жалақыға қабылданады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In