2023 жылғы қыркүйек айы үшін:
— 400.00 «Акциз бойынша декларация»
— 421.00 «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі»
2023 жылғы 2 тоқсан үшін:
— 101.03 «Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»
— 101.04 «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»
— 200.00 «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» — — 300.00 «Қосылған құн салығы бойынша декларация»
— 570.00 «Экспортқа рента салығы бойынша декларация»
— 590.00 «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация»
— 710.00 «Ойын бизнесі салығы бойынша декларация»
— 860.00 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация»
— 870.00 «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация»
— 913.00 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация»
Салық есептілігін бірнеше тәсілдермен ұсынуға болады:
1) электронды түрде:
— «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық есептілігі нысандары» / «Нысандар журналы» );
— «СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінде;
— eGov.kz электрондық үкімет порталында.
2) келу тәртібімен:
— қағаз түрінде қызметті тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруға міндетті;
3) пошта арқылы тапсырыс хатпен.