Тінту барысында көліктен төрт қорап табылып, тәркіленді, оның ішінде жалпы салмағы 5 келіге жуық марихуана есірткі заты болған.
Сол күні Байзақ ауданының тағы үш тұрғыны есірткімен ұсталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары кезінде марихуана мен гашиш есірткі заттары салынған 9 қап табылып, тәркіленді.
Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 140 келіден асады, бұл аса ірі көлемдегі есірткі заттары болып табылады.
— Қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған азаматтар Тараз қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда, — деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.