• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен фракцияның отырысы өтті

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен фракцияның отырысы өтті
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның отырысы өтті. Ондағы талқыланған басты мәселе аймақ бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы қаралды, — деп хабарлайды https://jambylinfo.kz/

Алғаш болып мінберге облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова көтеріліп, партияның «Өзгеріс­тер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарла­масы аясында алда тұрған мақсатты міндеттерге тоқталды.
– Партияның сайлауалды бағдарла­масы 7 бағыт бойынша айқындалды. 16 көрсеткіш енгізілді. Оның ішінде өңірлік жол картасы бойынша 5 жылдың ішінде 155 мың адамды жұмыспен қамту көзделуде. Сондай-ақ жол сапасын 100 пайызға жақсарту жоспарлануда. 2024 жылға қарай 119 елді мекен орталықтандырылған таза ауызсумен қамтылады. Медициналық нысандарды көптеп салып, халықтың аурушаңдық деңгейі 6 пайызға дейін төмендетіледі. Балаларды мектепке дейінгі білім беру нысандарымен қамту 92,7 пайызды діттейді. Спорттық инфрақұрылым 53,2 пайызға жаңартылмақ. Жұмыссыздық деңгейін де 2,6 пайызға төмендету межеленуде, – деді Г.Жауынбекова.
Жол картасын талқылауға шыққан фракция мүшесі Фарида Жүнісова да бесжылдық бағдарламаның маңыздылы­ғына, әсіресе кәсіпкерлік саласына көп көңіл бөлінгенін тілге тиек етті.
– Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдау арқылы біз шикізат көлемін бес жылдың бедерінде арттыратын боламыз. Сондай-ақ түрлі пилоттық жобаларды жандандыру арқылы ауылдағы халықтың табысы 2 есеге өспек, – деген фракция мүшесі партияның сайлауалды бағдарламасы баянды болашаққа бастар жол екенін баса айтты.

Фракция мүшесі Қайрат Жетібаев жол картасындағы медициналық басым бағыттарға тоқталды.
– Жол картасы арқылы алдағы жылдары шетелде 38 медицина маманын оқыту көзделуде. Сондай-ақ 4 үлкен аурухана салынбақ. Емдеу мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, дәрі-дәрмек қоры да ұйымдастырылды, – деді Қ.Жетібаев.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков жол картасы бойынша барлығы 122 шара жоспарланып отырғанын, бұл жобаларды жүзеге асыру үшін қаржының дені инвестициялық бағыттан тартылатындығынан құлағдар етті.
Фракция отырысында бұдан өзге партияның облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасарын сайлау, төралқа құрамын және фракцияның биылғы жылға арналған жоспарын бекіту мәселелері де қаралды.
Фракция отырысынан кейін Саяси кеңес Бюросы шешімімен «Nur Otan» партиясының облыс бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы бірауыздан бекітілді.

Басты жаңалық
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасты

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Экология вице-министрі мен «Оператор РОП» басшысы ұсталды

Экология вице-министрі мен «Оператор РОП» басшысы ұсталды

3 года ago
Қазақстанда жұмыссыз қалған қанша адамға жәрдемақы төленетіні белгілі болды

Қазақстанда жұмыссыз қалған қанша адамға жәрдемақы төленетіні белгілі болды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In