Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тәжірибе көрсеткендей, оңай ақша табуды көздейтіндердің көпшілігі адамдар көп жиналатын орындарда, яғни мешіттерде, қоғамдық көліктерде, сауда орталықтарында ұрлық жасайды.
Атап айтсақ, 9 айда 836 ұрлық фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,4 пайызға азайған. Оның ішінде, ұялы телефон ұрлығы 41,7 пайызға төмендеді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды қалта ұрлығының қаупін ескере отырып, қоғамдық орындарда қырағы болуға шақырады.