Талдауға сәйкес, жасөспірімдердің кетуінің негізгі себебі-ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдерінің тарапынан бақылаусыз болуы, олардың жұмысбастылығы және балаларының өмірі мен мүдделеріне немқұрайлы қарауы. Көп жағдайда, полицияға жүгінген кезде, ата-аналар іздеу шараларын ұйымдастыру үшін баласының қарым-қатынас шеңбері туралы ақпарат бере алмайды.
Мәселен, Тараз қаласында 11 жасар қыз ата-анасына ескерпестен сабақтан кейін құрбысына қонаққа барған, мектептен қызы келмеген сон анасы қызының жүрген жерін өз бетінше анықтай алмады, өйткені ол оның қызығушылықтары мен достарын білмеді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, сыртқы кедергігі, дөрекілік пен агрессивтілікке қарамастан, 14-17 жас аралығындағы жасөспірім балалардың жан дүниесі нәзік және қорғансыз болып келеді. Жасөспірім алғаш үйден кетіп қалған кезде ата-анасының мінез-құлқы, өзін-өзі ұстауы маңызды, өйткені оқиға орын алған кезеңдегі жағдайды түзетіп, отбасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіре алады.
— Құрметті ата-аналар! Егер сіздің балаңыз үйден кетіп қалса немесе кетемін деп қорқытатын болса, онда бұл жағдайға мән беріңіз. Баланың өз бетімен үйден алғаш кетіп қалуы оның психологиялық кедергісін және отбасымен байланысын бұзады. Баланың мінез-құлқы – бұл отбасындағы жағдайдың айнадағыдай көрінісі. Баланы өз ырқыңызға бағындырмаңыз, шектен тыс бақылауға алмаңыз, керісінше баланы түсіну және қабылдау қажет. Егер балаңыз үйден кетіп қалған жағдайда, сіз балаңыздың соңғы кезде не туралы айтып жүргенін есіңізге түсіруіңіз керек. Жасөспірімнің достарымен, таныстарымен, мұғалімдерімен хабарласыңыз. Баланың күнделік жазғанын, үйден ақша, құнды заттар, жылы киімдерін, құжаттарын алғанын тексеріңіз. Егер жиналған мәліметтерді тексеру ешқандай нәтиже бермесе және бала табылмаса, бұл туралы полицияның кезекші бөліміне дереу хабарлаңыз, — деді полиция майоры Әлішер Қалышев.