Декларациялардың 98 пайызы электрондық түрде ұсынылды.
Айта кету керек, егер азаматтар декларациядағы мәліметтерді қате немесе толық көрсетпесе, онда олар үш жыл ішінде активтер мен міндеттемелер туралы «қосымша» декларацияны ұсына алады.
2023 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынғаннан кейін, 2024 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыруға тиіс екендігіне назарларыңызды аударамыз.