• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

INNOPROM көрмелері кезінде қол жеткен уағдаластықтар нәтижесінде 26 бірлескен кәсіпорын құрылды.

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
INNOPROM көрмелері кезінде қол жеткен уағдаластықтар нәтижесінде 26 бірлескен кәсіпорын құрылды.
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

INNOPROM.QAZAQSTAN 25-27 қыркүйекте Астанада алғаш рет өтетін болады. 2010 жылдан бері Ресейде өтіп келе жатқан INNOPROM көрмесі бұған дейін үш жыл қатарынан Ташкент (Өзбекстан) қаласында өткен.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі І.Оспановтың айтуынша INNOPROM көрмелері кезінде қол жеткен уағдаластықтар нәтижесінде 26 бірлескен кәсіпорын құрылса, тағы 23 бірлескен жоба бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

«Бізді қосымша құн беретін өңдеу саласы қызықтырады. Мәселен, мұнай-газ және тау-кен машиналарын жасау саласы бойынша атқарылатын жұмыстар ауқымы өте кең» — деп атап өтті І.Оспанов. «Қазір пружина жасау зауыты, тау-кен машиналарына қосалқы бөлшектер жасайтын өндіріс, шина зауыты, мұнай-химия өнімдерін өңдеу, сондай-ақ бірнеше фибромембрана жобасы жүзеге асып жатыр».

Баспасөз мәслихатының спикерінің айтуы бойынша INNOPROM.QAZAQSTAN көрмесі, әсіресе, орта және шағын бизнес өкілдері үшін маңызды іскерлік алаңы деп есептейді. Өйткені бұл, біріншіден, көптеген бизнес өкілдерін бір ортадан табуға мүмкіндік береді. Екіншіден, бизнестің лауамызды өкілдерімен В2В форматындағы кездесулер өткізуге болатын орын. Үшіншіден, бизнесті жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге мүмкіндіктер көкжиегін көрсететін көрме. Төртіншіден, жас мамандар мен білім ұйымдарына бизнеске қажетті компетенциялар бойынша сұраныс деңгейін анықтауға мүмкіндік. Сондай-ақ көрменің есігі қарапайым тұрғындар үшін де ашық, олар елімізде қандай өндіріс орындары бар және олар не өндіреді деген сұраққа жауап таба алады.

Көрменің тағы бір маңызды бөлігі 27 қыркүйекте өтетін студенттер мен жас мамандарға арналған Қазақстан мен Ресейдің білім беру орталықтары мен өнеркәсіптік компаниялары дайындаған «Жаңа өнеркәсіпке арналған жаңа кадрлар» іс-шарасы. Сонымен қатар, көрме аясында жергілікті өндіріс орындарындағы 250 бос орынға жәрмеңке ұйымдастырылады.

Көрмені ұйымдастырушылардың басты міндеті – жаһандық тәжірибе алмасу, өнеркәсіптік кооперацияларды дамыту, жаңа нарықтар ашу, серіктестіктер және тиімді логистика жолдарына мүмкіндік туғызу.

Сондай-ақ, «EXPO» халықаралық көрме орталығында өндіріс салаларындағы ірі кәсіпорындар қатысатын стендтер ұсынылатын болады. Олардың қатарында: сорғы, компрессорлық және блоктық-модульдік технологиялық жабдықтарды; кабельдік-өткізгіш өнімдерді; өнімді қорапқа салу роботтандырылған жүйелерін; пакерлік жабдықтар мен ұңғымалық құрастырмаларды; арматура мен оқшаулағыштарды; сепараторлар, сүзгілер, ыдыстар мен аппараттарды; қасбеттік кассеталық панельдерді шығаратын және тағы да басқа компаниялар бар.

Tags: INNOPROM көрмелері
Jasyn

Jasyn

Next Post
В Таразе задержали местного жителя хранившего наркотические средства.

В Таразе задержали местного жителя хранившего наркотические средства.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Лимузиндер бойынша көлік салығы қалай есептеледі?

Лимузиндер бойынша көлік салығы қалай есептеледі?

3 года ago
2022 жылы Қазақстанда жаңадан 24 электровоз желіге қосылады

2022 жылы Қазақстанда жаңадан 24 электровоз желіге қосылады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In