ҚР ӘҚБтК-нің 549-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалана отырып жасыру немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру – құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болған тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Материалдар Жетісу облысы Панфилов аудандық сотына берілді. Соттың 2023 жылғы 28 тамыздағы қаулысымен экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырын өткізу үшін пайдаланылған Ауди 100 маркалы көлік құралы мен тауарды тәркілей отырып, 25 АЕК (86250 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сот шешімі күшіне енген жоқ.
Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешіміне сәйкес, бір жеке тұлға үшін 200 дана темекіні немесе 1 блокты құрайтын темекіні тасымалдау нормалары белгіленгенін еске саламыз.