Аталмыш өзгерістер ҚР Оқұ-ағарту министрлігінің өтінімі бойынша енгізілген және елімізде мектептердегі санитариялық тораптарға бірыңғай стандартталған талаптарды белгілеуге, санитариялық тораптардағы балалар үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, оның ішінде кабиналарға қойылатын талаптарды айқындауға, гигиеналық құралдардың болуына және қозғалысы щектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құруға бағытталған.
Өтінім «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК Ғылыми-техникалық кеңесінде қаралды, стандартты биыл бекіту жоспарлануда.
«Жасыратыны жоқ, мектептердегі санитарлық тораптардың сапасына қатысты сұрақтар көтеріліп тұрады. Сондықтан экологиялылық, санитария, қолжетімділік және басқа да маңызды жағдайлар тұрғысынан қазіргі заманғы тәсілдер негізінде бірыңғай стандартты белгілеу бұрынан іске асырылып жатқан міндет», — деп атап өтті ҚР СИМ ТРМК төрағасы Қуаныш Елікбаев.