Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысушы тұлғаларды анықтады. Олардың үшеуі де Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғындары болып шықты.
«Toyota Yaris», «BMW 530» маркалы автокөліктерінің 23 және 21 жастағы жүргізушілері ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлімі «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 601-бабының 2-бөлімі (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамау) бойынша «Lada 21144» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы 69 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Құқық бұзушылармен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ер адамдар өз кінәсін мойындап, жасаған әрекеттеріне өкініп, барлық тұрғындардан кешірім сұрады.