• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

Қызылорда облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті

by Jasyn
06/03/2024
in білім
0
Қызылорда облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Министрліктің басым міндеттерінің бірі білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту. Мықты басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы әзірленуде. Барлығы ашық әрі айқын болу үшін жоғары білікті педагогтер базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру жоспарлануда», — деді Ғани Бейсембаев.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және цифрлық технологияларды қолдана отырып шешу жолдарына тоқталды. Сондай-ақ қазіргі жағдай туралы Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары баяндама жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында министрлік аумақтық бөлімшелер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, әкімдіктер мен мәслихаттар депутаттары және қоғам өкілдерін тарта отырып мониторингтік топтар құруды ұсынды. Барлық облыстық білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдерін қамтитын «білім аудитін» өткізу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі еліміздің барлық білім беру ұйымдарында аудит жүргізу туралы шешім қабылданды. Бірлескен талдаудың басталуына білім беру саласындағы түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар себеп болды. Олардың басым бөлігі Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру саласындағы қазіргі жағдайды өзгертуге қатысты кешенді шаралар қолдану туралы шешім қабылданды. Ол білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және қаржылық тәртіпті күшейту. Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады.

                    

 

 

Tags: білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық
Jasyn

Jasyn

Next Post
169 оқушы Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадаға қатысады

169 оқушы Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадаға қатысады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Жастар практикасы» — тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін мол мүмкіндік

«Жастар практикасы» — тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін мол мүмкіндік

7 месяцев ago
Қазақстан Олимпиада трансляциясы үшін қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды

Қазақстан Олимпиада трансляциясы үшін қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In