«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы» ашылуының алғашқы күнінде, яғни 2023 жылдың 24 сәуірінде, осы кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, автокөлік тексеру түрінде кедендік бақылау жүргізу барысында ҚР азаматы М. басқарған автокөлік құралының багаж бөлімінен Қытай Халық Республикасына Қазақстаннан жалпы салмағы 336 грамм болатын
9 дана болжам бойынша «кәріптас» тастарын әкету фактісінің заңсыз тасымалдау жолын кесті.
Қазіргі уақытта контрабандалық тауар асыл тастарды жіктеу және құндық сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау және кінәлі адамға қатысты түпкілікті шешім шығару үшін Орталық кеден зертханасына сараптама жасауға жіберілді.
Зертхана тәркіленген тастардың бағалы тастар санатына жататынын растаған жағдайда, кінәлі тұлға Тауарлар өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, ал тауарлар тәркілену мүмкін.
Егер расталмаған жағдайда, тауарларды декларацияламағаны немесе жалған кедендік декларациялау жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады, жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап үш жылдық қызметін тоқтатқаннан кейін «Қорғас» ХШЫО» кеден бекеті өз жұмысын қайта бастады.
Осыған байланысты барлық азаматтар мен «Қорғас» ХШЫО» келушілерінен ҚР және ЕАЭО кеден заңнамасын мүлтіксіз сақтауды сұраймыз.