Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Тектұрмас» кешенінің аумағында цемент бетондардың астынан қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған тапанша табылып, тәркіленді.Сондай-ақ, 9 мм калибрлі 5 жауынгерлік патроны бар «ПМ» маркалы тапаншаның оқжатары, нөмірлері өшірілген 12 мм калибрлі екі ұңғылы тегіс ұңғы аңшы мылтығы табылды.
Сол күні Ниетқалиев көшесінде орналасқан аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде 05.01.2022 жылы Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 7,62 мм калибрлі «Benelli SAT 13299» мылтық карабині табылды.
Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің арасында белгісіз маркалы газ револьвері, 5,45 мм калибрлі 43 патрон, 7,62 мм калибрлі 17 патрон, сақтандырғышы бар жарық-шу гранатасы, 5 қол газ гранатасы болды.
— Екі дерек бойынша да сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен (қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды іздеу жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.