• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Владимир Волков: Жол-көлік оқиғаларынан жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза табады, 18 мыңнан астам адам жарақат алады

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Владимир Волков: Жол-көлік оқиғаларынан жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза табады, 18 мыңнан астам адам жарақат алады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Комитет төрағасы Владимир Волков өз сөзінде Мемлекет басшысы еліміздегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі туралы бірнеше рет айтқанын атап өтті. Сенатор жол инфрақұрылымын дамытуды ерекше бақылауға алу және жол салу кезінде ереже талаптарының бұзылуының алдын алу шараларын қабылдайтын уақыт келді деп санайды.

«Жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астам адам жарақат алады. Өкінішке орай, бұл көрсеткіштер өсіп барады. Сонымен қатар, соңғы 5 жылда теміржол көлігінде 27 апат болды. Жол қозғалысы мен теміржол көлігінің қауіпсіздігіне баса назар аударуымыз керек. Біз азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне кепілдік беруіміз керек», — деді сенатор.

Сенатор Андрей Лукин отырыс барысында статистика деректерін келтірді. Онда 2016-2022 жылдар аралығында автожолдарды салу кезінде заң талаптарының бұзылуы фактілері бойынша сотқа дейінгі 28 тергеп-тексеру жүргізілгені, оның 20-сы залалды анықтау жөніндегі сот сараптамасын жүргізгенде нормативтік-техникалық құжаттаманың болмауы себебінен тоқтатылғаны айтылды.

«Тапсырыс беруші мен мердігердің, атап айтқанда автожол комитеті мен ұлттық оператордың «сенімсіз қызмет көрсетушілермен» қарым-қатынасын реттейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі байқалып отыр. Сондай-ақ жолдағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу мәселелеріне де назар аудару қажет, өйткені апатқа әсер ететін маңызды себептердің бірі – жолдың жай-күйі мен жол инфрақұрылымы болып табылады», — деді сенатор Лукин.

Кездесуде ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, сондай-ақ теміржол және көлік прокуратурасының өкілдері көліктегі қозғалыстың қауіпсіздігі мен реттелуін қамтамасыз ету саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Отырыста ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының өкілдері осы салалардың қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Сенаторлар отырыс қорытындысы бойынша Үкімет атына бірқатар ұсынымдар әзірледі. Атап айтқанда, қауіпсіз инфрақұрылым жасау арқылы жаяу жүргіншілерді қорғауды қамтамасыз ету шараларының қажеттігі, жол қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын тіркейтін автоматты камераларды көбірек қою туралы айтылды.

Депутаттар сондай-ақ Үкіметке жүргізушілерді даярлау жөніндегі ұйымдардың қызметін бақылаудың тиімділігін арттыруды, автомобиль және теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде пайдалануға берілетін автомобиль жолдарының сапасына құқықтық бағалау мен талдау жүргізу және т.б. мәселелерді қарауды да  ұсынды.

Tags: Жол-көлік оқиғалары
Jasyn

Jasyn

Next Post
Сенаторлар «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларымен кездесті

Сенаторлар «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Дикий Арман» боксшыларға ақша таратты»: Министрлік видеоға қатысты ресми мәлімдеме жасады

«Дикий Арман» боксшыларға ақша таратты»: Министрлік видеоға қатысты ресми мәлімдеме жасады

4 года ago
АЭС САЛАРДА БІРНЕШЕ СҰРАҚТЫҢ ЖАУАБЫН АЛУЫМЫЗ КЕРЕК

АЭС САЛАРДА БІРНЕШЕ СҰРАҚТЫҢ ЖАУАБЫН АЛУЫМЫЗ КЕРЕК

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In