• RU
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022: 110 СТУДЕНТ ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

by Jasyn
06/03/2024
in білім
0
WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022: 110 СТУДЕНТ ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Жеңімпаздар еліміздегі ірі кәсіпорындардан жұмысқа шақырту алады және келесі жылы WorldSkills Europe чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болады.

«Бүгін біз 30 номинация бойынша жеңіске жеткен үздік студенттерді, колледж түлектерін марапаттадық. Сіздер аймақтық іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, республикалық байқауда жеңіске жеттіңіздер және өз шеберліктеріңізді көрсеттіңіз. Жастар арасында WorldSkills қозғалысы танымал болып келе жатқаны қуантады. Сіздерге халықаралық жарыстарда жаңа жеңістер тілеймін»,-деді «WorldSkills Kazakhstan 2022» жарысының жабылу салтанатында Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, VII республикалық чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 500–ден астам WorldSkills өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Олар 30 негізгі құзыреттілік бойынша жарысты. Оның ішінде электрмонтаждау жұмыстары, аспаздық және мейрамхана ісі, бизнеске арналған IT-шешімдер, web-технологиялар, мобильді робототехника, мехатроника, прототиптеу және басқа да құзыреттіліктер бар.

Сондай-ақ, салтанатты шарада WorldSkills әлем чемпионаттарында еліміздің намысын абыроймен қоғап жүрген Дина Афанасьева «Best of National» медалімен марапатталды. Ол осы жылдың қазан айында Кореяда өткен «WorldSkills Competition-2022» сайысында «Веб-технология» құзыреттілігі бойынша қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ WorldSkills Europe (WSOPE) жарысында жүлде алған алғашқы қазақстандық. Дина өткен жылы Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, «WorldSkills Kazakhstan 2022» республикалық чемпионаты 7-9 желтоқсан аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығы мен Астана қаласының колледждері алаңында өтті.

Жарысқа қатысқан колледж және ЖОО студенттерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың жас мамандарының жұмысын 500-ден астам сарапшы бағалады.

WorldSkills халықаралық қозғалысы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және танымал етуге бағытталған жоба. Сонымен қатар сайыс білікті кадрларды даярлауда жаңа трендтер туғызатынын да атап өткен жөн. Жарысқа әлемнің 60-тан астам мемлекеті қатысады. Қазақстан WorldSkills International (WSI), WorldSkills Europe (WSE) қауымдастықтарының тең құқылы мүшесі болып табылады.

Tags: WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТ
Jasyn

Jasyn

Next Post
БАЛАЛАР ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

БАЛАЛАР ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлерге ыңғайлы функционал іске қосылады

Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлерге ыңғайлы функционал іске қосылады

2 года ago
Жанқош Тұраров коронавирусқа шалдықты

Жанқош Тұраров коронавирусқа шалдықты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In