• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

”Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
”Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні  6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық  көліктің қатысуымен орын алатын  жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Әкімшілік полиция қызметкерлері автобустардың жолға шықпас бұрынғы техникалық жай-күйін, олардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі белгіленген талаптарына сәйкестігін, жүргізушілерде тіркеу құжаттарының болуын, нормативтер мен стандарттар талаптарын бұза отырып автобустарды пайдалану, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау деректерін анықтап тексереді.

Рейдтік іс-шараның бірінші күні полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 203 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде  мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпей маршрутқа шыққан 16 автобус, заңсыз түрде қайта жабдықталған 10 автобус бар.

— Бұдан басқа, техникалық ақауы бар автобустарды желіге шығарғаны үшін 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, пайдалануға тыйым салынуына байланысты 14  автобус айып  тұрағына қойылды, рұқсат етілмеген 3 тұрақ жабылды, — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының  бастығы полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев.

Сонымен қатар, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтін, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар жолаушылар тасымалдайтын көлiк құралдарын басқарған 8 жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.  Мәселен, автобустардың дөңгелектерінің протекторлары әртүрлі суреттермен болған, қыс мезгілінде қауіпсіз тасымалдауға сәйкес келмейді, көліктің алдыңғы әйнектерінде жүргізушінің жолды көруіне кедергі келтіретін көлемді жарықшақтар болған және т.б.

Tags: ”Автобус" жедел-алдын алу іс-шара
Jasyn

Jasyn

Next Post
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНДЕГІ БАЛАЛАР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНДЕГІ БАЛАЛАР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

1,9 млн-нан астам шетелдік алаяқтық қоңыраулар бұғатталған

1,9 млн-нан астам шетелдік алаяқтық қоңыраулар бұғатталған

8 месяцев ago
«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды

«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In