• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР СТУДЕНТТЕР САНЫ 3 МЫҢҒА ДЕЙІН ЖЕТТІ

by Jasyn
06/03/2024
in білім
0
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР СТУДЕНТТЕР САНЫ 3 МЫҢҒА ДЕЙІН ЖЕТТІ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда қазақстандық колледждерде ерекше білім беру беру қажеттілігі бар 3 мыңнан астам бала оқиды. Ерекше студенттер санының артуы колледждердің кедергісіз қолжетімді болуы және жаңа нормативтік құқықтық құжаттарды қабылдау есебінен мүмкін болды.

«Мемлекет басшысы ел халқына Жолдауында білімнің қолжетімді және инклюзивті болуы керегін атап өткен еді. Техникалық және кәсіптік білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту министрлігі Мамандықтар мен біліктілік тізіміне өзгерістер енгізіп, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін шектеулерді алып тастады. Әрине мамандардың медициналық қорытындысы бойынша еңбек қызметінің қандай да бір түрі студенттерге рұқсат етілу не етілмеуі ескерілді. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға әртүрлі преференциялар қарастырылған. Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балаларды колледждерге қабылдау әңгімелесу арқылы жүргізіледі, оларға жеке аудитория беріледі, сондай-ақ оларды педагог-ассистенттер алып жүреді.

Көру және есту қабілеті бұзылған колледж студенттері жоғарылатылған мемлекеттік стипендияны алуға құқылы. Яғни оның белгіленген мөлшері — 75%. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттермен жұмыс істейтін оқытушыларға қосымша ақы қарастырылған», — деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.

Колледждер ерекше білім беру қажеттілігі (ЕББҚ) бар студенттерге олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, бейімделген білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді. Биыл 5 мыңға жуық колледж оқытушысы инклюзивті білім беру және ерекше балалармен жұмыс істеу бойынша курстан өтті.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуы үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз ету туралы ереже кіреді. Қабылдау ережелерін бұзғаны және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін арнайы жағдай жасамағаны үшін білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі күшейтілді.

 

Tags: КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТ
Jasyn

Jasyn

Next Post
ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІБИ ПАТРОНАТТЫҚ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІБИ ПАТРОНАТТЫҚ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Есірткі үшін сотталған азаматтың анасы үндеу жасады

Есірткі үшін сотталған азаматтың анасы үндеу жасады

3 месяца ago
Сарыағаштық жастар спорт сайысынан алдарына жан салмайды

Сарыағаштық жастар спорт сайысынан алдарына жан салмайды

7 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In