Ұстау барысында аталған алқаптан мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «Тоyota Land Cruiser 80» маркалы автокөлігі, Қызыл кітапқа енген жануардың тушасы, тіркелмеген 16 калибрлі қос ұңғылы мылтық табылды.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 337-бабының 2-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.