• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

Астанада ТМД-ға мүше елдер өкілдері білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады

by Jasyn
06/03/2024
in білім
0
Астанада ТМД-ға мүше елдер өкілдері білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Күн тәртібінде отырысқа қатысушылар ТМД-ға мүше мемлекеттердің базалық ұйымдары қызметін дамыту, білім сапасын қамтамасыз ету, білікті мамандарды даярлау, ұлттық аттестация жүйелерін дамыту мәселелерін қарады. Сондай-ақ Кеңес мүшелері білім саласы қызметкерлерін «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

«Ертең ТМД-ға мүше мемлекеттер мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезі өтеді. ТМД елдерінің үздік педагогтерінің шеберлік сабақтары өтеді. Сондай-ақ тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылады. Съезде ТМД елдеріндегі білім саласының даму болашағын, қандай өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп жатқанын талқылап, қарар қабылдаймыз. Съезді тәжірибе алмасу алаңы ретінде қарастыру керек. Әріптестерімізбен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі қалай дамытатынымызды талқылаймыз», — деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Педагогтер съезі ТМД елдері білім министрлері конференциясының шешімімен екі жылда бір рет өткізіледі. Съезд аясында ІІ Педагогикалық шеберлік фестивалінің қорытынды кезеңі өтіп, байқаудың финалистері, яғни ТМД елдерінің мұғалімдері елімізге келеді. Олар сайыс сабақтарын көрсетеді. Мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары үш номинация бойынша өтеді: мұғалім, тәрбиеші және психолог/әлеуметтік педагог.

«ҚР Оқу-ағарту министрлігі фестивальді осымен екінші рет қатарынан ұйымдастырып отыр. Сырттай өткен кезеңнің қорытындысы ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының бірлескен отырысында белгілі болды. Фестивальдің дәстүрлі форматтағы кезеңі ертең басталады. 50 үміткердің арасынан іріктеліп алынған үздік 35 мұғалімнің шеберлік сабақтары ертең өтеді. ТМД-ға мүше елдердің білім және ғылым министрліктерінің ұсыныстары негізінде ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобаларын әзірлеу, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларын аттестаттаудың ұлттық жүйелерін дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ ТМД-ға мүше елдердің ғылыми дәрежелері туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім жасалды», — деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева.

Съезде мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы цифрлық және баспа өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады. Қазақстандық кәсіпкерлер, стартаптар оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған IT-жобаларын таныстырады.

Съезд Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры қолдауымен өтеді.

Tags: VII съезі өтеді.ТМД-ға мүше елдер өкілдері
Jasyn

Jasyn

Next Post
Субсидияны «бір алып, бір қосқаннан» кәсіпкерлік дамымайды.

Субсидияны «бір алып, бір қосқаннан» кәсіпкерлік дамымайды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Өзі де, шәкірттері де үздік

Өзі де, шәкірттері де үздік

3 года ago
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In