• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жасыл экономика

Қытайлық кәсіпкер Сарысуда жел және күн электр стансаларын салуға ниетті

by Jasyn
06/03/2024
in Жасыл экономика
0
Қытайлық кәсіпкер Сарысуда жел және күн электр стансаларын салуға ниетті
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сарысу ауданында төрт жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қытайлық «China Power» компаниясы әлем елдерінде ірі электр стансаларын салумен қатар оны басқарумен айналысып кіледі. Олардың ауданда салған 100 мегаватты «Жаңатас» жел электр стансасы бүгінгі таңда толық қуатында жұмыс істеп тұр.

«Жаңатас» жел электр стансасы» ЖШС бас директоры Гуо Кимнің айтуынша, Сарысу ауданында жүзеге асырылған жел электр стансасында жылына 350 миллион киловатт электр энергиясын өндіру жоспарланған. Жалпы станса Сарысу ауданын ғана емес, бірнеше елді мекенді жарықпен қамти алады. Кәсіпкердің айтуынша, бұл – Орта Азиядағы ең алып жоба. Жабдықтары Қытай Халық Республикасынан әкелініп орнатылған.

Жобаның жалпы құны 150 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба аясында қуаты 2,5 мегаватт болатын 40-тан аса жел энергетикалық блок пен электр жабдықтарын сондай-ақ бір станса торабы мен көпфункционалды орталық салынған.

Сөз барысында серіктестік директоры Гуо Ким енді осында 400 мегаватты жел электр стансасын салып, оның көлемін 500 мегаватқа жеткізгісі келетінін айтты.

Бізді қызықтырғаны – бұл өңірдің жақсы климаты. Егер мұнда жел көзі болмағанда үш жылда мұндай айтулы жобаны жүзеге асырмаған болар едік. Біз осы аймақтың климатын зерттей келе, жергілікті билік тарапынан қолдау болып жатса ендігі жерде жел электр стансаларын салып қана қоймай, күн электр стансаларын салуға да ниеттіміз. Қазақстанның қай өңірін алып қарасаңыз да желден де, күннен де электр қуатын өндіруге болады. Қазіргі таңда Қазақстан дұрыс бағыт таңдап, тура жолда келе жатыр. Болашақта алдыңғы қатарлы электр қуатын өндіретін елге айналатынына сенімім мол, — дейді ол.

Сондай-ақ серіктестік өкілі осы жерден жел және күн электр энергиясына қажетті құрал-жабдық өндіруге арналған зауыт салуға ниетті екенін де жеткізді.

Бізге керегі осы зауыт. Зауыт салып алсақ, жел және күн электр стансаларына қажетті құрал-жабдықтарды шет мемлекеттерден тасымалдамай, өзімізде жасап құрастыруға мүмкіндік алар едік, — деді аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев.

Жергілікті билік 400 мегаваттық жел электр стансасын салу үшін қосымша 130 гектардан астам жер бөліп берілгенін, жоба жүзеге асса бұл өңір алда табиғат көзінен баламалы электр қуатын өндіретін аймаққа айналғалы тұрғанын айтуда.

Бұл жоба жалпы болашақта оңтүстік Қазақстандағы электр энергиясы тапшылығын жойып қана қоймай, тау-кен өндіруші кәсіпорындардың да жұмысының тиімділігін арттырмақ.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облыс аумағында 142,9 млрд АҚШ долларына бағаланған болжамды кен орныдары бар

Жамбыл облыс аумағында 142,9 млрд АҚШ долларына бағаланған болжамды кен орныдары бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бизнесмен продавал зараженное сибирской язвой мясо в Жамбылской области

Бизнесмен продавал зараженное сибирской язвой мясо в Жамбылской области

1 год ago
Жамбыл облысында 9 айда 879 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жамбыл облысында 9 айда 879 жол-көлік оқиғасы тіркелді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In