• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жасыл белдеу

Кореялық «Чанджо» компаниясы Таразда тұрмыстық қалдықтардан электр қуатын алу арқылы қайта өңдеу жобасы ұсынылды

by Jasyn
06/03/2024
in Жасыл белдеу
0
Кореялық «Чанджо» компаниясы Таразда тұрмыстық қалдықтардан электр қуатын алу арқылы қайта өңдеу жобасы ұсынылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Жамбыл облысында жинақталған қалдықтардың көлемі – 65,3 мың т құрайды. Оның өңдеуге жіберілгені 8,3 мың т. Ал биыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қойылып отырған индикатор 15,1% болып бекітілген. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жоспар 9,2% болса, оның орындалуы 103,8%-ды құрады. 

Аймақта тұрмыстық қалдықтар саласында 33 кәсіпорын жұмыс істеуде. Оның 22-сі Тараз қаласында орналасқан. Олар 124 арнайы техникамен қамтылған. Бұдан бөлек, 501 алаң 3961 контейнермен жабдықталған. Қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнерлердің 3 түрі орнатылған. Атап айтсақ, қоқыс алаңдарына 700 торлы, 106 жабық, 3155 қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер қойылған. 

Аудан орталықтарындағы қалдықтар 5 компонентке, яғни пластмасса және пластикалық қалдықтар, пластикалық бөтелкелер, шыны, қағаз қалдықтары, қаңылтыр банкалар бөлу арқылы сұрыпталады. Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар престен өткізіліп, шикізат алу үшін Алматы мен Шымкент қалаларына қайта өңдеуге жіберіледі. 

Басқарма тарапынан тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешу үшін өңірде инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда «Hasanat group» компаниясы, «Байтақ болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Инсипром» және «Ecoplatform», «ТазаБиоИнвест» ЖШС-тері және «Еуразиялық қайта құру және даму» банкімен келіссөздер жүргізілуде. Бірақ бұл жұмыстардың келіссөздер деңгейінде қалуына басты себеп, бүгінгі таңда тарифтің төмендігі, тұрмыстық қалдықтардың салыстырмалы түрде аз көлемі, инфрақұрылымның дамымағандығы біздің өңірге инвесторлардың қызығушылығын тудырмауда. 

Жамбыл облысына инвестиция тарту және инвесторлармен кездесу бойынша өткен кеңесте Кореялық «Чанджо» компаниясының инвестициялық жобасы бойынша тұрмыстық қалдықтарды электр энергиясын алу арқылы қайта өңдеу жобасы ұсынылды.  

Бүгінгі таңда облыста барлығы 163 полигон және қоқыс төгуге арналған орын жұмыс істеуде. Оның 5-і жеке меншікте болса, 158-і коммуналдық меншікте. Полигондардың барлығының қоршаған ортаға арналған эмиссияға рұқсаты рәсімделген. 

Өткен жылы кездейсоқ 165 стихиялық қоқыс орны анықталған болатын. Жыл ішінде 138 қоқыс үйіндісі жойылып 85 пайызды құраса, Тараз қаласы бойынша 24 орын жойылмады. Ол бойынша жауапты азаматтарға айыппұл салынған. 

Осы жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның ғарыштық мониторингпен қамту аймағы ұлғайып 48 стихиялық қалдықтар орны белгілі болды. Оның 9-ы Тараз қаласы, 1-еуі Байзақ, 8-і Жамбыл, 14-і Жуалы, 1-еуі Меркі, 8-і Мойынқұм, 7-еуі Шу аудандарынан анықталған.

Jasyn

Jasyn

Next Post
В Чокпарском сельском округе строится ветряная электростанция мощностью 110 МВт.

В Чокпарском сельском округе строится ветряная электростанция мощностью 110 МВт.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Таразда ірі зертхана сараптаманы дұрыс бермеген

Таразда ірі зертхана сараптаманы дұрыс бермеген

2 года ago
Бірыңғай жиынтық төлемнің  қолданылу мерзімі аяқталуға жақын

Бірыңғай жиынтық төлемнің қолданылу мерзімі аяқталуға жақын

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In