• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу бір орталықтан және ашық түрде жүргізілетін болады – Әлихан Смайылов

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу бір орталықтан және ашық түрде жүргізілетін болады – Әлихан Смайылов
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Үкімет басшысының айтуынша, биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл 138 мың отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Мәселен, 5 айда 4,7 млн шаршы метр тұрғын үй (өткен жылмен салыстырғанда 103,4%) пайдалануға берілді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін әзірледік. Ол, бірінші кезекте, азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Енді баспана кезегінде тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу «бір терезе» қағидаты бойынша бір орталықтан, ашық түрде жүргізілетін болады. Оның негізгі операторы – Отбасы банкі», — деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмдері туралы мәлімдеді. Онда арендалық төлемді субсидиялау және ауылдық жерлерде тұрғын үй салу сияқты қолдау шаралары бар. Биыл жаңа механизмдер есебінен 70 мың азаматқа үйді жалға алу үшін субсидия беру және ауылдық жерлерде 2,8 мыңға жуық адамды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Министрлер кабинетінің басшысы тұрғын үй-коммуналдық саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмысқа назар аударды. «Е-Құрылыс» және «Е-Шаңырақ» жүйелері, сондай-ақ Қала құрылысы кадастрының порталы арқылы тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі деректердің бірыңғай есебі енгізіліп жатыр. Жалпы, Әлихан Смайыловтың айтуынша, тұрғын үй саласындағы тәсілдерді топтастырып, бір ретке келтіру үшін Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау жұмыстары басталып кетті.

 

Сөзін аяқтай келе, Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырма берді:

● тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер бойынша заң жобасының барлық ережелерін Парламентпен сапалы әрі жедел пысықтау керек;
● қажетті дерекқорлармен толыққанды интеграциялап, тұрғын үй саласындағы барлық ақпараттық жүйелерді іске қосу жұмыстарын аяқтау керек;
● баспанаға мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның жоспарланған көлемін уақытылы іске қосу үшін шаралар қабылдау керек.

Tags: Әлихан Смайыловкезекте тұрғандартұрғын үй
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда күнбағыс дәндерін сыртқа әкетуге шектеулер енгізілуде

Қазақстанда күнбағыс дәндерін сыртқа әкетуге шектеулер енгізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жүрегің мейірімді, ниетің таза болуы керек

Жүрегің мейірімді, ниетің таза болуы керек

8 месяцев ago
Қазандағы қанды оқиғадан кейін Жамбылдағы мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Қазандағы қанды оқиғадан кейін Жамбылдағы мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In