Айта кетейік, Қазақстанда 24 маусымда 57 адамнан COVID-19 анықталса, 23 маусымда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және еліміздің алты облысында 54 адам коронавирус жұқтырған.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда COVID-19 бойынша жағдай мынадай: Алматыда – 42, Нұр-Сұлтанда – 15, Шымкентте – 3, Қарағанды облысында – 3, Ақмола облысында – 2, Қызылорда облысында – 1.
Қазақстанда коронавирустық пандемия басталғаннан бері бұл ауруды жұқтырудың барлығы 1 306 233 жағдайы расталды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 1 292 251 адам COVID-19-дан жазылып шықты.