2022 жылдың көктемі — БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаратын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің де, қазақстандықтар ақшасын сеніп тапсырған жеке компаниялар үшін де инвестициялық қызметі үшін сәтсіз болды.
Жақында БЖЗҚ үшінші ай қатарынан шығынға ұшырағаны белгілі болды: тек мамыр айында олар шамамен 154,1 млрд теңгені құрады.
Ал инвестициялық потрфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық қызметіне шолу жұмыстарына сүйенсек, олар да қаржылық шығынға ұшыраған.
Қазіргі уақытта, Қазақстанда инвестициялық портфельді басқаратын (ИПБ) төрт жеке компания жұмыс істейді:
- Jusan Invest — 3 942,36 млн теңге в управлении;
- Halyk Global Markets — 2 472,79 млн теңге;
- BCC Invest — 1 411 302 720 теңге;
- Сентрас Секьюритиз — 896,76 млн теңге.
Соңғы деректер көрсеткендей, мамыр айында төрт компания да инвестициялық шығынға ұшырады. Мысалы, Halyk Global Markets басқаратын зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың басынан бері минус 3,73%-ды құрады. Ақшалай есептегенде шығын 100,96 млн теңгеге тең.
Осы жылдың 1 маусымындағы жағдайды сипаттасақ, BCC Invest де шығынды көрсетіп отқаны белгілі. 2022 жылдың басынан бері ақшалай шығындар 58,86 млн теңгені құрады, зейнетақы активтерінің кірістілігі минус 3,53% құрады.
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, зейнетақы активтерінің ең аз сомасына ие «Centras Securities» компаниясы да инвестициялық қызмет нәтижесінде кейбір қаржылық шығындарды көрсетеді. Осы жылдың басынан бері активтердің кірістілігі минус 4,88%-ды құрады. Ақшалай есептегенде, шығын 46,46 миллион теңгеге жетті.
Jusan Invest мамырдағы инвестициялық шолуда тұрақты табыс көрсеткен жалғыз менеджер болды. Бірақ 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, ол да біраз шығынға ұшырады. Осылайша, зейнетақы активтерінің кірістілігі минус 1,1%-ды құрады — ақшалай есептегенде, 68,8 млн теңгеге жетті.
Айта кету керек, сәтсіз көктемге қарамастан, барлық ИПБ-лар инвестициялық кірістің тұрақты өсуін көрсетеді, ал сенімгерлік басқарудағы қаражаттың жалпы сомасы тек өсіп келеді.
Дегенмен, үлкен қаржылық шығын болған жағдайда да инвесторлар өздерінің жинақтарының қауіпсіздігі туралы алаңдамауы керек. Жеке компаниялардың басқаруына берілетін ақша қорғалған, ал ИПБ өзі олардың сақталуына кепілдік береді және сәтсіз инвестициялар болған жағдайда, олар заңды түрде өз қаражаты есебінен шығындарды өтеуге міндетті.