• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Экономика

Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 91% және жергілікті жолдардың 85% нормативтік жағдайға келтіру жоспарланған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандағы автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы шамамен 96 мың шақырым. Жол көлік қатынасын дамыту үшін соңғы жылдары ауқымды жұмыс атқарылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы бойынша жоба іске асырылды. 2 мың шақырымнан астам жол ақылы жүйеге көшті. Бұл – жол инфрақұрылымын өзін-өзі қамтамасыз ету бойынша халықаралық озық тәжірибе», — деп атап өтті Премьер Үкімет отырысында.

Дегенмен Үкімет басшысы ақылы жүйеге ауысып жатқан жолдардың жағдайына қатысты халықтың шағымы да бар екенін айтты. Сондықтан «ҚазАвтоЖол» компаниясы жолдарды күтіп-ұстау сапасы мен қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейтуі қажет.

«Жалпы автожолдарды дамыту «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Ұлттық жобаға сәйкес, 2022 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 91% және жергілікті жолдардың 85% нормативтік жағдайға келтіру жоспарланған. Ол үшін жалпы ұзындығы 4,3 мың шақырым автожолды қайта жаңғырту және жаңа жолдар салу бойынша ірі жобалар іске асады», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар жол бойындағы 1110 қызмет көрсету нысанын тиісті стандартарға сәйкестендіру жұмыстары жүреді. Бұл ретте қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бірқатар проблемалық мәселелер бар. Оның ең негізгісі – жолдардың, әсіресе, жергілікті жердегі жолдардың нашарлығы.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың нашар жағдайын бірнеше рет айтты. Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты екенін атап өткім келеді. Бұған қоса, білікті кадрлар жетіспейді. Жол-көлік инфрақұрылымын жобалау және салу кезінде жаңа құрылыс материалдары мен заманауи технологиялар аз қолданылады. Бұл жолдардың сапасы мен оларды жөндеу және салу мерзіміне де әсер етеді. Индустрия министрлігі осы мәселелерді пысықтауы қажет», — деді Премьер-Министр.

 

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
«Алтын белгіге» үміткер ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады

«Алтын белгіге» үміткер ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Кәсіпкерлерден жылу үшін заңсыз төлем алып отырған

Кәсіпкерлерден жылу үшін заңсыз төлем алып отырған

2 года бұрын
Үш соттық жерден үш тонна өнім алды

Үш соттық жерден үш тонна өнім алды

4 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In