• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазақтелеком шағын операторлардан табысының жартысын беруді талап етіп отырған – министр

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Қазақтелеком шағын операторлардан табысының жартысын беруді талап етіп отырған – министр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілістің баспасөз алаңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып, «Қазақтелеком» мен «Транстелеком» компаниялары шағын операторлардың жұмысын қалай қиындатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір монополиясыздандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біз ауылдық елді мекендерде шағын операторлардың пайда болғанын құптаймыз, ынталандырып жатырмыз. Мысалы 1000 тұрғыны бар ауылдың ішіне бизнесмен келіп, желілерді бағана арқылы әрбір үйге таратып, ақша таба алады. Бірақ ол қызметті халыққа ұсыну үшін шағын оператор «Қазақтелеком» әлде «Транстелекомның» желілеріне қосылу проблемасына тап болады. Яғни, ол – монополия. Басқалардың елді мекен ішіне интернет таратуына мүмкіндік бермейді, өзі де таратпайды», — деген министр.

Сондай-ақ, ол бұл бағытта Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігімен бірге жұмыс істеп жатқанын атап өтті. «Қазір монополистер жағдайды пайдалана отырып, шағын операторларға 50/50 қағидаты бойынша жұмыс істеуді ұсынады. Яғни, бизнесмен желіні өз күшімен тартып, халықпен жұмыс істеуі керек. Содан түскен табысының 50 пайызын монополиске беруі шарт. Осы мәселені біз монополиясыздандыру комиссиясында көтердік. Қазір Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігімен бірлесіп, заңға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді Бағдат Мусин.

Ведомство басшысының айтуынша, қазір аталған монополистер ауылдарда тек мемлекеттік мекемелерге ғана интернет тартып отыр. Оның өзінде бұл жұмыс мемлекет бюджетінің есебінен жүзеге асады.

«Тұрғын саны 250-ден асатын ауылды мекендердің 1200-іне сымды желіде оптика жеткізілді. Бірақ оптиканың ауылды мекен ішінде таратылуы проблема болып тұр. Өйткені «Қазақтелеком» мен «Транстелеком» 2018 жылы жасалған келісімшарт бойынша тек қана мектеп, әкімдік сияқты үш мекемеге ғана интернет жеткізді. Ал елді мекеннің ішінде таратуға экономикалық тұрғыдан негіз жоқ дейді. Біз оларға бюджет қаражатын мемлекеттік мекемелерге ғана бөлдік. Сол қаражат оларға жеткілікті болып тұр. Сондықтан осындай мәселеге тап болдық», — деді министр.

Бағдат Мусиннің айтуынша, таяу арада ауыл пошталарында «цифрлық бұрыштар» пайда болады.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда кен орындары қоры таяу болашақта таусылады

Қазақстанда кен орындары қоры таяу болашақта таусылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2 сынып оқушылары ағылшын тілін оқымайды

2 сынып оқушылары ағылшын тілін оқымайды

2 года ago
Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In