Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров италиялық Mediaset телекомпаниясына берген сұхбатында Владимир Зеленский туралы айтқан еді. Ол Украина президентін Германия фюрері Адольф Гитлермен салыстырған. Сонымен қатар Лавров алты миллион еврейдің өліміне себепкер болған Гитлерде де «еврей қаны» боуы мүмкін деп топшылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Лавров Гитлер жайлы Мәскеу мақсат етіп қойған Украинаны ұлтшылдардан тазарту туралы сөзінде қосып өтті.
«Зеленский өзі еврей болғандықтан, ұлтшылданудың болуы мүмкін емес деген дәлел келтіреді. Қателесуім мүмкін, бірақ Адольф Гитлерде де еврей құаны болған. Бұл ештеңені білдірмейді. Дана еврей халқы нағыз антисемиттердің еврей екенін айтады», – деді ол Украина президенті туралы.
Владимир Зеленский украин-еврей отбасынан шыққан және өзінің ата-тегі туралы бірнеше рет айтып, ұлтшылдықты ұнатпайтынын мәлімдеген. Ал Гитлердің ата-бабаларының арасында еврейдің болуы туралы 1946 жылы Нюрнберг трибуналының шешімі бойынша асылған Ганс Франк айтқан. Бұл болжам ғылыми түрде дәлелденбеген. Алайда фюрер өзін еврей деп атамаған және еврей халқын жоюға ұмтылған.
Израильде Сергей Лавровтың сөзі қатаң сынға ұшырады. Израиль сыртқы істер министрі Яир Лапид еврейлердің өздерін антисемитизмге – еврейлерді жек көруде айыптау «расизмнің ең төменгі деңгейі” екенін мәлімдеді
«Оның сөздері кешірілмейді әрі өрескел тарихи қателік. Еврейлер Холокост кезінде өздерін өлтірмеген», – деді Яир Лапид.
«Яд ва-Шем» мемориалдық кешенінің төрағасы Дани Даян Лавровтың айтқанын «негізсіз, бос сандырақ және қауіпті» деп бағалады. Мұндай пікірді өзге де израильдік саясаткерлер білдірген. Сонымен қатар Сергей Лавровтың Израиль сыртқы істер министрлігіне шақырылғаны хабарланған.