• RU
Пятница, 4 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Мәсімовке іздеу жарияланды

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Мәсімовке іздеу жарияланды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілініп, іздеп жарияланды. Бұл туралы  Агенттіктің баспасөз қызметі  хабарлайды.

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша). Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады. Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады», — делінген хабарламада.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов 2019 жылы 4 қарашада Павлодар облысының Полиция департаменті бастығы лауазымына тағайындалған. Ол 2022 жылы 17 ақпанда қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Айта кетсек, Нұрлан Мәсімов ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.

Естеріңізге салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Биыл наурыз айында Бас прокурор Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мен оның үш орынбасарына, екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатқанын айтты.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда салмағы 5 келі алып бала дүниеге келді

Таразда салмағы 5 келі алып бала дүниеге келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараздағы аялдамада болған жол апатынан зардап шеккен екі жолаушының қазіргі жағдайы қалай?

Барлық өңірде аурушаңдық деңгейі айтарлықтай төмендеді

4 года ago
Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі сотталды: Екеуіне 8 миллион теңге айыппұл салынды

Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі сотталды: Екеуіне 8 миллион теңге айыппұл салынды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In