• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home құқық

Әкімнің орынбасары қоқыс жинамағаны үшін жазаланды – Ақмола облысы

бойынша Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Әкімнің орынбасары қоқыс жинамағаны үшін жазаланды – Ақмола облысы
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Ақмола облысының Тайтөбе ауылында рұқсатсыз төгілген қоқыс орындары үшін әкімінің орынбасары жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы бойынша Экология департаментінің маманы Күләш Рахимованың айтуынша, облыста заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының саны жеткіліксіз. Сонымен бірге, өңірде бірде бір қоқыс өңдеу зауыты жоқ. Қазіргі облыс аумағында 130 қатты тұрмыстық қалдықтар үйіндісі болса (тек жер актісі бар), оның 24-де ғана рұқсат құжаттары бар.

«Тұрмыстық қалдықтар көбінесе қала немесе елді мекен сыртындағы полигондарға шығарылады. Сонымен қатар полигондардың көлемі жылдам ұлғайып, жақын арада жақын елді мекендерге жетеді. Полигондардың салдарынан қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нашарлауы адамдардың денсаулығына кері әсер етеді және қауіпті ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Осындай рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі Целиноград ауданының Тайтөбе ауылы аумағында пайда болды. Бұл бір жылда ғана емес, бірнеше жылда жиналған қоқыстар», — дейді Күләш Рахимова.

Бұл жағдайға байланысты Тайтөбе ауылында жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар тиісті шара қабылдамаған. Осыған байланысты лауазымды тұлғалалар мен коммуналдық кәсіпорындардың басшылары жазаға тартылған.

«Өткен жылы Экология департаменті тексеріс қорытындысы бойынша ҚР Әкімшілік құқбұзушылық туралы кодекстің 344-бабы бойынша рұқсатсыз орналастырылған қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін Целиноград ауданының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығының бөлім басшысының міндетін атқарушы В.Асамбаев әкімшілік жазаға тартылды. Биыл дәл осындай әкімшілік жазаға Целиноград ауданы әкімінің орынбасары тартылды. Сонымен бірге, Тайтөбе кентінде қатты тұрмыстық қалдықтарды заңсыз орналастыруға қатысты «Қосшытазалық» ЖШС-не (қоқыс шығарушы компания) қатысты тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығы жазаланды», — деп толықтырды Күләш Рахимова.

Маманның ақпаратына қарағанда, Целиноград ауданының әкімдігімен рұқсатсыз орналастырылған қоқыс тастайтын жерлерді жою үшін облыстық бюджеттен 100 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді.

«Целиноград ауданының әкімдігі Тайтөбе ауылы маңындағы үйінділерді сұрыптау және одан әрі қалпына келтіру жолымен жою бойынша тиісті шаралар қолға алынатын болады. Сонымен бірге, осы аумаққа одан әрі қоқыс тастамау үшін шлагбаум қойылады», — деп түйіндеді ол.

 

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамалды

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Таразда әлеуметтік дүкен ашылды

Таразда әлеуметтік дүкен ашылды

5 года бұрын
Жамбылдық полицейлер қазақ күресінен чемпионатта топ жарды

Жамбылдық полицейлер қазақ күресінен чемпионатта топ жарды

3 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In