• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Сенат кибербуллинг туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Сенат кибербуллинг туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды. Құжатқа түзетулер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаралып отырған заң жобасы, енгізілген құқықтық ережелер мен нормалардың негіздемесі, бүгінгі күннің қажеттіліктерінен және елдің келешектегі даму міндеттерінен туындап отырғаны белгілі. Жалпы, Заң жобасын қабылдаудан келесі нәтижелер, атап айтқанда, баланың құқықтарын қорғау саласындағы тиімді құқықтық негізді қалыптастыру және заңнаманы жетілдіру, балаларды оларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен, оның ішінде отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңістік салаларында қорғау тетіктерін іске асыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарын ерте анықтау әрі ерте арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, жоғары оқу орындарының білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру, сондай-ақ олимпиада жеңімпаздары — дарынды балалар мен олардың педагогтарын қолдау күтіліп отыр», — деді сенатор Динар Нөкетаева.

Бүгін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғаннан кейін комитеттің кеңейтілген отырысында Сенаттың тұрақты комитеттерінен, Сенат Аппаратынан және қоғам тарапынан келіп түскен бірқатар ескертулер мен ұсыныстар жан-жақты талқыланды. Осы орайда заң жобасына өзгерістер мен толықтыруды Парламентінің Мәжілісіне жіберуді туралы шешім қабылданды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы қоғамда белсенді түрде талқыланғанын атап өтті. Балаларды қорғау туралы нормаларды іске асыру жөнінде азаматтық белсенділер түрлі ұсыныстар мен пайымдарды айтқан болатын. Сондықтан сенаторлар заң жобасында ұсынылған ережелерді мұқият зерделеді және келіп түскен өтініштерді ескере отырып, оның бірқатар баптарын қайта қарауды ұсынды.

«Сенаторлар заң жобасынан уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қолжетімділігін шектеуге не жұмысын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін өкілеттіктерді алып тастады. Соған сәйкес онлайн-платформалардың өкілдерімен өзара іс-қимыл кезінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға мән берілді. Мұндай тәртіп балаларға қатысты кибербуллинг фактілеріне жедел назар аудару мен қоғамның ақпаратқа деген сұранысы арасындағы теңгерімді ортаны табуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Біздіңше, мұндай қадам «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына және Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мазмұнына сай келеді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Осылайша, сенаторлардың ұсынысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге немесе тоқтатуға мүмкіндігі болмайды. Тек балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға болады.

Балаларға қатысты кибербуллинг қандай болмақ, өзгесі қандай болады, сенаторлар оны мемлекеттік органға емес, арнайы құрылған сарапшылар тобына шешуді ұсынды.

Осылайша, заң жобасының осы және басқа да бірқатар өзгерістері Мәжіліс депутаттарының қарауына жіберілді

Осыған дейін шетелдік әлеуметтік желілердің ресми өкілдіктерін Қазақстанда міндетті түрде ашу туралы норма да жойылған болатын.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Мағзұм Мырзағалиев ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясына басшы болды

Мағзұм Мырзағалиев ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясына басшы болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Зейнетақыға үстемақы қосылады деген ақпарат рас па?

Зейнетақыға үстемақы қосылады деген ақпарат рас па?

4 года ago
Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның президенті Раисимен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның президенті Раисимен кездесті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In