• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

«Бұл белорустардың таңдауы»: Зеленский Лукашенко, Путин және Ресеймен келіссөздері туралы айтты

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
«Бұл белорустардың таңдауы»: Зеленский Лукашенко, Путин және Ресеймен келіссөздері туралы айтты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Украина президенті Владимир Зеленский «Дождь», «Коммерсанть» және «Медуза» басылымдарының ресейлік журналистеріне сұхбат беріп, Лукашенко, Путин және келіссөздер туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Владимир Зеленский тұтқындарды жіберу үшін соғыстың аяқталу күнін күтудің қажеті жоқ екенін айтты.

“Барлығын өзгерту туралы келісім бар деп есептеймін. Бұл олардың қазір бейбіт тұрғындарға істеп жатқаны. Жай ғана жиіркенішті нәрсе. Біз Украина қалаларының әкімдерін ұрлау туралы айтып отырмыз”,-деді президент.

Оның айтуынша алмасу туралы келісімдер 2019 жылы пайда болған. Бұл Донбасстағы қақтығыс нәтижесінде пайда болған тұтқындарға қатысты.

“Желтоқсан айында кездесу өткізіп, тұтқындар арасында алмасулар болды. Шамамен 110 адамдай қайта оралды. Одан соң біздегі түрмедегі тұтқындарды олар білмейтіндіктен олардың тарапына біздің елде қамалған азаматтар тізіміне дейін бердік. Көшірмесін ЕҚЫҰ-ға бердік. Мен барлығына тізім көшірмелерін таратуға тырыстым. Себебі Қырымның жігіттері туралы да сұраныстар болды. Біз бұл тізімдерді немістерге, түріктерге, орыстарға, француздарға бердік. Бұл елдер кейін сұрақтар болмас үшін көшірмелерді ЕҚЫҰ-ға тапсырды”,- деді Зеленский.

Зеленскийдің айтуынша тірілерге де, өлілерге де қатысты осындай көрініс 2022 жылы байқалып жатыр.

«Олар мәйіттерге не болғанын көрсеткісі келмейді деп ойлаймын. Біз өзіміздегі тұтқындар мен мәіттерді жібергіміз келеді, қайтаруға тырысамыз. Оларды сақтағымыз келмейді. Алайда қарсы тарап бас тартты. Содан кейін бізге бірнеше қоқыс қаптары бар сөмкелер ұсынды”,- деп қосты.

Украина мен Ресейдің алғашқы келіссөздері Белорусьте өтті.

“Мен нәтиже болғанша келіссөздердің өтуіне қарсы емеспін. Соғысты аяқтай алсақ Александр Григорьевич үйдегі қожайындай сезінері анық. Шынымды айтсам маған бәрібір. Бұл негізінен белорустардың таңдауы, біздікі емес”,-деді Зеленский.

Зеленскийдің айтуынша бірінші кездесуде «демилитаризация» және «деназификация» мәселелері көтерілген. Бірақ украиндықтар бұл сөз тіркестерінің қолданылмау керек екенін бірден айтқан және бұл тармақтардың оларды мүлдем қызықтырмайтынын жеткізген.

Үшінші тармақ орыс тілін қорғауға қатысты. Украина президенті айна тарапты көзқарасты ұстанды. Бұл көзқарас егер Украин елінде орыс тілінде сөйлегісі келетін адамдар болса, сол тілде білім алғысы келсе ешқандай қарсылық болмайды. Сәйкесінше Ресейде де осындай ұстаным болуы шарт яғни украиндықтар орыс тілін құрметтеп, қолдау жасаса, ресейліктер де украин тілін құрмет тұтып, дәл солай демеу білдіруі шарт. Бәрі екіжақты әділ болуы керек.

Алайда Зеленский Путинді орыс тіліне жамандық жасады деп санайды. Өйткені қазір Ресейден шетте жүргендер өз тілінде сөйлеуге қысылатын деігейге жеткен.

Келіссөздегі төртінші тармақ Украинаға берілетін кепілдіктер жөнінде болған.

Бұл құжат тереңінен талқылыанып жасалған маңызға ие. Сондықтан біз оның жай қағаз жүзінде қалғанын қаламаймыз. 1994 жылы Будапешттегі меморандумда Украина ядролық қарудан бас тартып, Ресей және Батыс елдері қолдау жасап, кепілдік берген. Алайда ендігі жасалынбақ кепілді құжат маңызды келісімге айналуға мүдделі.

Келісімдерді бекіту механизмі туралы Зеленский бейбітшілік келісімін референдумда бекітуді ұсынады. Себебі қауіпсіздік кепілдігі конституциялық өзгерістерді талап етеді. Референдум – конституцияны өзгертуден жылдамырақ қадам. Референдум бірнеше айдың ішінде өтеді. Ал конституцияға енгізілген өзгерістер қолданыстағы заңнамаға сәйкес кемінде бір жыл ішінде болады.

Сонымен қатар, Зеленский алдымен заңды өзгертіп, содан кейін танктерді қайтарып алуды ұсынатын ресейлік тараптың көзқарасымен үзілді-кесілді келіспейді.

«Біздің Владимир Путинмен келісіміміз қолдармен, мөрлермен, тіпті қанмен де болып келеді. Бұл шығару процесін бастау үшін жеткілікті. Әскерлерді шығару керек, кепілгерлер бәріне қол қояды, бітті. Одан әрі парламентте ратификациялау, бірнеше айға референдум, мен конституцияға өзгертулер енгізу жұмыстары жүргізіледі”,-деді Зеленский.

Жыландар аралынан шыққан украиндық әскерилердің тағдыры туралы

“Бір бөлігі қайтыс болды. Кейбіреулері тұтқынға алынды. Тұтқынға алынғандардың барлығына Ресей Федерациясының тұтқындарымен алмасу болды. Бұл ұсыныспен Ресей шықты. Біз оларды ойланбастан ауыстырдық. Қайтыс болғандар жанын қиған батырлар. Ал аман қалған жігіттерді елге алып алдық”,-деп қосты Украин президенті.

“Құрбандардың санын азайтыңыз, осы соғыстың ұзақтығын қысқартыңыз. Территорияларды ымыраға алу үшін Ресей Федерациясының әскерлерін шығарыңыз. Мен Ресейді аумақты толығымен босатуға мәжбүрлеу мүмкін емес екенін түсінемін. Алайда бұл үшінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соғады. Мен бәрін жақсы түсініп біліп отырмын. Сондықтан ымыраға келген дұрыс. Барлығы басталған жерге оралыңыз, сонда біз Донбасстың күрделі мәселелерді шешуге тырысамыз”,- деді Зеленский сұхбатта Украинаның әскери мақсаттары туралы айтып.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Өткен жылы «Ауыл аманаты» арқылы қарастырылған қаражат бөлінбеді

Өткен жылы «Ауыл аманаты» арқылы қарастырылған қаражат бөлінбеді

3 месяца ago
Таразда полицейлер есірткіге қарсы акция өткізді

Таразда полицейлер есірткіге қарсы акция өткізді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In