• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Наурызда қандай салт-дәстүрлер ұмыт қалған?

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
Наурызда қандай салт-дәстүрлер ұмыт қалған?
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркі халықтары үшін жыл басы саналатын Наурыз — ұлттық ерекшелігімізді, болмысымызды танытатын басты мереке. Осы орайда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дәстүр» ұлттық-этнографиялық журналының бас редакторы, ақын Қасымхан Бегманов  салт пен дәстүрдің айырмашылығы, ұмыт қалған дәстүрлер туралы айтып берді.

Дәстүр мен салттың айырмашылығы не?

Қасымхан Бегмановтың айтуынша, дәстүр тұрақты, ал салт өзгеріске түсуі ғажап емес.

«Салт-дәстүр — әр халықтың сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталған, өмірдің өзі туғызған әдет-ғұрыптар жиынтығы. Алайда салт — адам өмірінің күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім. Ал дәстүр — қоғамдық сананың барлық саласына байланыста дамыған, қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет, заңын марапаттайтын рәсім. Сонымен қатар, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі. Дәстүрдің ауқымы салттан әлдеқайда кеңірек. Салт жеке адам өмірінде көрініс тауып, кейін ру-тайпаға ортақ рәсім ретінде танылса, дәстүр керісінше топтасқан қауымның бірыңғай көзқарасынан туындайды», — деп түсіндірді ол.

Ұмыт қалған дәстүрлер

Этнограф Қасымхан Бегманов ертеде халық арасында қолданылып, кейін ұмтылып кеткен дәстүр көп екенін айтты.

«Өлі мен Тірінің» айтысы. Ұлыс күнінен бір күн бұрын кеш түсіп, күн батарда ортаға екі ақын шығып, жақсылық пен жамандықтың, қыс пен жаздың күресін бейнелейтін айтысын бастайды. Айтыстың шарты бойынша, күн ұясына батар шақта «өлі» жеңіледі.

«Соның бірі — аластау. Қараңғы түсе екі жерге үлкен от жағылатын болған. Жас шамасына қарай топ-топ болып бөлінген жұрт екі оттың ортасынан өтіп бара жатып қолдарындағы майлы шүберек ораған таяқтарын отқа тұтатқан. «Алас, алас, пәледен қағас!» деп хормен өлең айтып, айналаны отпен тазалап шыққан», — дейді маман.

Тағы бір дәстүр — жаңа күнді қарсы алу. Алтыбақан басталарда жастар түнімен ән айтып, ұлттық ойындар ойнаған. Таң ата биіктеу төбенің басына шығып, жаңа күнді қарсы алған.

«Кімде-кім Ұлыс күнін күн түскен сәтте шұғыласын маңдайымен тосып қарсы алса, оған Наурыздың құты дариды» деген ұғым болған. Күлімдеп шыққан күнге сәлем берген жұрт «Құт дарысын!» деп айналаға ақ бүркіп, үйлеріне тарасқан. Бұл туралы Жағда қария да (Жағда Бабалықұлы — этнограф-ғалым — еск.) айтқан еді. Ол кісі бір аңызды айта келе, «…Наурызда үш жүз алпыс бес күнге арнап, үш жүз алпыс бес күйдің ойналуы. «Тоғыз қоңыр» атты тоғыз күйдің тартылуы» деген-тін. Міне, бұл да қазір зерттелмеген тақырыптардың бірі. Саумалық — жаңа жыл келгенде айтылатын жыр-дәстүр. Онда былай айтылған: «Саумалық, саумалық, Көк құс көзін ашты ма? Аяғын жерге басты ма? Саумалық, саумалық, Самарқанның көк тасы Жібіді ме, көрдің бе?». Ауыл аналары мен әйелдер үйдегі екі ыдысты сындырып, барлық жаманшылық атаулы сонымен кетсін деп ырым жасаған», — деді ол.

Этнограф Наурыз ренжіскенді татуластыратын айрықша мереке екенін атап өтті.

«Қазір ренжісіп жүрген дос-жолдастарды былай қоғанда, бірге туған туыстар да аз емес. Наурыз мерекесінде жеңгелер мен қайындарды белдестіріп күрестірген. Жеңгеніне тарту-таралғы берген. Кейбір жеңгелер осындайда шайпы ауыз, боқтампаз қайындардан «өш» алатын болған», — деді ол.

Қасымхан Бегманов қазақ қоғамында ұмытылып бара жатқан қандай салт-дәстүр бар деген сұраққа былай жауап берді:

«Қазақты ұлт ретінде қалыптастыратын, құндылықтарды дәріптейтін салт-дәстүрлер қоғамға керек. Қазір еуропалықтардың жаман жағына еріп кеттік. Олар келісімшарт бойынша үйленбей тұрып, бірге тұрады, некеге отырады. Еуропа үшін тұқым маңызды емес, үйлесімділікке қатты қарайды. Қазір тастанды бала көп. Бұрындары балаң болмаса, туғандарыңның баласын алуға болатын. Қазір бұл салт мүлде кездеспейді. Жақыныңнан бала алсаң оның тегін білесің, жақсы емес пе?! Бірақ қазір нәрестені перзентханадан алып жатады. Оның тегі, әке-шешесі кім екенін де білмейді.  Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Ол үшін әменгерлік дәстүрі болған. Әмеңгерлік қазіргі таңда кездеспейді. Әйелі өлген еркек күйеуі өлген келінін немесе жеңгесін алса немесе ері қайтыс болған әйел қайынағасына яки қайнысына тисе, оның несі айып? Бір әулетте, бірін-бірі біледі, балалары да бөтен емес, туыс», — деді ол.

Оның айтуынша, құда түсу дәстүрін де қайта жолға қойған жөн.

«Сүйдім», «күйдім» деп танысып, бір-екі рет сөйлескен бір бойжеткенді көшеден алып келеді. Ата-ана амалсыз той жасайды. Ұзамай әлгі «ғашықтар» ажырасып кетіп жатады. Өйткені оларда бұрыннан таныс-біліс, негіз жоқ. Ал егер ата-анасымен келісіп, білісіп, құда түсіп алатын болса, ондай әбес тірлік болмас еді. Бұрыннан таныс ата-аналар араға түсіп, «бұларың дұрыс емес» деп айтар еді. Осындай мысалдарды көп келтіруге болады», — деді ол.

Tengrinews.kz

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ауыр атлет Нижат Рахимов Олимпиада алтынынан айырылды

Ауыр атлет Нижат Рахимов Олимпиада алтынынан айырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 60 пайызы әрекетсіз отыр

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 60 пайызы әрекетсіз отыр

1 год ago
ҰБТ тапсыратын балалар қай пәнді жиі таңдайды

ҰБТ тапсыратын балалар қай пәнді жиі таңдайды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In