• RU
Воскресенье, 15 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Алматыда «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтті

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
Алматыда «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтті
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыдағы Chaplin Mega Alma-Ata кинотеатрында режиссер Дәрежан Өмірбаев түсірген «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәдени іс-шараға киностудия басшылығы, фильмнің түсіру тобы мне БАҚ өкілдері қатысты. Өзінің алғы сөзінде «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев «Ақын» фильмінің шығармашылық тобын тұсаукесермен құттықтап, картинаның алғашқы көрсетілімі Токиодағы халықаралық кинофестиваль шеңберінде өткенін және бұл байқауда Дәрежан Өмірбаев «Үздік режиссер» жүлдесімен марапатталғанын атап өтті. Сонымен қатар Ақан Сатаев аталған кинотуынды жақында ғана өткен Халықаралық Берлин кинофествалінің «Форум» бағдарламасында көрсетілгенін еске салып, фильмнің алар асулары әлі алда екенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақын» фильмі технологиялар дамыған қазіргі заманда өнердің қоғамда алатын орны туралы ой қозғап, поэзияға сұраныс азайған дәуірде ақынның күйініші туралы сыр шертеді. Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлының қилы тағдыры жайында ойға батқан басты кейіпкер нәзік жүректі ақындардың өмірі қашан да қиын болғанын түсінеді. — Неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» атты әңгімесін оқыған соң фильмнің сценарийін жазуға кірістім. Кейін қолыма қазақтың белгілі ақыны Махамбет Өтемісұлының өмірі мен өлімі туралы тың деректермен толықтырылған кітап түсті. Оны оқып шығып, фильмнің сцеанрийіне қостым. Осылайша «Ақын» фильм дүниеге келді, — деді режиссер Дәрежан Өмірбаев.

Фильмдегі басты рөлді «Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев сомдады. Белгілі әнші «Жігіттер» квартетіне биыл 20 жыл толатынын және осы уақыт аралығында көрермендермен алғаш рет киноактер ретінде қауышып отырғанын айтты. — Басында бұл рөлге басқа актер бекітілген болатын. Кейін карантин кезінде кастинг-директор Ердос Қанаевтың кандидатурасын ұсынды. Бірнеше рет камераға түсіріп көрдік те, нәтижесінде Ердосты таңдадық. Оны әнші болғаны үшін таңдағанымыз жоқ. Дегенмен кейбір сахналарды түсіргенде оның шығармашылыққа жақын болғаны көмек боды, — деді режиссер.

Сонымен қатар Дәрежан Өмірбаев «Ақын» фильмі жақын болашақта басқа да халықаралық беделді кинофестивальдер шеңберінде көрсетілетінін хабарлады. Айта кетсек, фильмнің түсіру жұмыстары 2020 жылы басталды. Негізгі түсірілімдер Алматы және Алматы облысында, сондай-ақ Атырау облысында жүргізілді. Естеріңізге сала кетсек, аталған кинотуынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдауымен» Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Біз жаңа Қазақстанды, екінші республиканы құрамыз»: Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

"Біз жаңа Қазақстанды, екінші республиканы құрамыз": Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Таразда жол ережелерін бұзған жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Таразда жол ережелерін бұзған жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

2 месяца ago
Абылай Мырзахметов Атамекен ҰКП басқарма төрағалығынан бас тартты

Абылай Мырзахметов Атамекен ҰКП басқарма төрағалығынан бас тартты

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In