Криминалдық авторитет «Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады.
«Иә, Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Тергеу жалғасуда», — деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады. Кейін ҚР Бас прокуроры Берік Асылов «Дикий Арманның» қылмыстық тобының қаңтар оқиғасына қатысы бар екенін айтты.