Бүгін, 25 ақпанда доллар тағы да көтерілді. Қазіргі уақытта шетел валютасының бір данасы 480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Соңғы мәліметтерге көз жүгіртсек, айырбастау пунктері мен екінші деңгейдегі банктерде доллар төмендегі бағамен саудалануда:
Нұр-Сұлтан: сатып алу — 466-474,5 теңге, сату — 472-482 теңге;
Алматы: сатып алу — 462-474,5 теңге, сату — 468-482 теңге;
Шымкент: сатып алу — 469-474,5 теңге, сату — 475-482 теңге.
Ал kurs.kz сайтында айырбастау бағамы сәл өзгеше:
Нұр-Сұлтан: сатып алу — 460-469 теңге, сату — 469-475 теңге;
Алматы: сатып алу — 460-470 теңге, сату — 470-475 теңге;
Шымкент: сатып алу — 465-466 теңге, сату жүзеге асырылып жатқан жоқ.