2022 жылдың тек қаңтар айында ғана «Жетісу», «Әуежай-Астана», «Жібек Жолы», «Қазығұрт», «Түркістан-КРО-Әуежай», «Әуежай-Шымкент», «Әуежай-Актау» кеден бекеттерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаттарын алып кетудің 48 фактісі анықталған. Декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы 1 086 618 АҚШ долларын құраған. Ондай заң бұзушылыққа жол берген азаматтарды кеден бекеттерінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп ұстаған.
Жалпы 2022 жылдың қаңтар айында 47 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жасалған (тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттардағы мәліметтерді анық емес мәлімдеу), бұл заң бұзушылықтар бойынша 1 439 610 теңге айыппұл салынған.
Алматы қаласында 2022 жылдың қаңтар айында жеке тұлғаларға 26 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жасалған, ол азаматтар 165 726 430 теңге, нақты айтқанда 656 826 АҚШ долларын декларацияламастан алып өтпек болған, айыппұлы — 796 380 теңге.
Мәселен, 21 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Алматы-Абу-Даби» қатынасындағы әуе рейсіне кедендік бақылауды жүзеге асырғаннан кейін ҚР азаматы тоқтатылды, оның жеке тексеру барысында 57 000 АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша табылды, бұл эквивалентте 24 765 360 теңгені құрады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материал жасалып, 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды.
31 қаңтарда «Алматы – Дубай» әуе рейсіні арқылы 99 000 АҚШ доллары және 18 000 теңге, бұл 42 949 170 теңге шамалайды, сомасында ақша қаражатын алып өтпек болған ҚР азаматы тоқтатылды. Материал одан әрі тергеу үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Тек елордада 2022 жылдың қаңтар айында жеке тұлғаларға 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жасалған, ол азаматтар 96 313 257 теңге, нақты айтқанда 222 512 АҚШ долларын декларацияламастан алып өтпек болған, айыппұлы — 336 930 теңге.
Мәселен, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында 21 қаңтарда «Нұр-Сұлтан — Ыстамбұл – Дубай» халықаралық әуе рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен кейін «Әуежай-Астана» кеден бекеті қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп ҚР азаматын ұстады. Ұстау кезінде 40 000 АҚШ доллары сомасындағы декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды. 25 қаңтарда 45 765 АҚШ доллары сомасындағы декларацияланбаған ақша қаражатын алып өтпек болған ҚР азаматтары ұсталған. Ал 28 қаңтарда 38 000 АҚШ доллары сомасындағы декларацияланбаған ақша қаражатын алып өтпек болған ҚР азаматы ұсталған.
«Ақтау» халықаралық әуежайында «Әуежай -Актау» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, 15650 АҚШ доллары сомасындағы шетел валютасын «Ақтау-Кутаиси» рейсі арқылы контрабандалық жолмен алып кетуге тырысқан ер адамды ұстады. 31 қаңтарда «Ақтау-Дубай» рейсі арқылы кетпекші болған 1987 жылы туған азаматтан жарияланбаған 10700 АҚШ доллары табылды. Екі дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды (Тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттарда мәліметтерді анық емес мәлімдеу) және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ақша иелеріне қайтарылды.