• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қарапайым қазақстандықтардың мобильді аударымдары қашаннан бастап тексеріле бастайды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Қарапайым қазақстандықтардың мобильді аударымдары қашаннан бастап тексеріле бастайды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бойынша мәліметтерді бергенде қандай көрсеткіштерді ескеретіні жоспарланып отырғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялардың критерийлеріне мыналар жатқызылған:

  • жеке тұлға 3 күнтізбелік ай қатарынан банктік шотына ай сайын әр түрлі 100 және одан көп адамдардан ақша қаражаттарын алып отыруы.

Салық кодексінің шеңберінде 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша кезең-кезеңімен берілетінін көздейді.

1-кезең.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша ақпарат беріледі.

2-кезең.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары),  бойынша ақпарат беріледі.

3-кезең.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары (зайыптары), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша ақпарат беріледі.

4-кезең.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың қалған барлық санаттары бойынша ақпарат беріледі.

2023 жылы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар 1-кезеңнің тұлғалары бойынша мәліметтерді ұсынуды жоспарлап отыр.

«Бұйрық жобасы жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарын қозғамайды және салық мониторингін жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға және салық төлеуден жалтарудың алдын алуға бағытталған», – деп атап өтті МКК-де.

Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар қандай жағдайда кәсіптен түскен кіріс ретінде бағаланатыны сипатталған жоба дайындаған еді. Құжат 2 наурызға дейін «Ашық НҚА» сайтына жария талқылауға шығарылды.

Бұған дейін Қазақстанда «мобильді төлемдер» ұғымы енгізілген болатын, кәсіпкерлерге кәсіптен түсетін ақша мен жеке түсімдерді бөлу міндеті жүктелді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға желтоқсанда қол қойды.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Самұрық-Қазына» төрт басқарушы директордың кандидатурасын бекітті

"Самұрық-Қазына" төрт басқарушы директордың кандидатурасын бекітті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Түркістан облысында оқушылардың көзінше бет жыртысқан екі ұстаз елді дүрліктірді

Түркістан облысында оқушылардың көзінше бет жыртысқан екі ұстаз елді дүрліктірді

4 года ago
Жамбылда бір күннің ішінде 2500-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Жамбылда бір күннің ішінде 2500-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In