Үкімет басшысының кеңсесі Әлихан Смайылов тағып жүрген қол сағаттың бағасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін журналист Михаил Козачков премьер-министрдің фотосын жариялап, қолындағы сағаттың маркасы «Cartier Tank» екенін айтып, сағаттың бағасы 5 мың доллардан 8 мыңға дейін (от 2,1 — 3,4 млн теңге) барады деген болатын.
Премьер-министрдің кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібайдың айтуынша, үкімет басшысы тағып жүрген сағаттың бағасы, шамамен, 164 мың теңгені құрайды.
«Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5000-8000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты. Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын», — деп жазды Желдібай.