• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

«Онлайн қайыршыға айналып барамыз, халыққа көмек қашан болады?»: Дәулет Мұқаев Болат Жәмішевке сауал жолдады

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
«Онлайн қайыршыға айналып барамыз, халыққа көмек қашан болады?»: Дәулет Мұқаев Болат Жәмішевке сауал жолдады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дәулет Мұқаев Қазақстан халқына қорының басшысы Болат Жәмішевке сауал жолдады. Журналист науқас балалардың еміне ақша аударылмағанына наразы. Қор ақшасы халықтың жағдайына бөлінбейді деп жазды.

«Қазақстан халқына» қорының ресми құрылғанына бір айдан асты. Бірақ осы аралықта нақты Қазақстан халқына көрсетілген бірде-бір көмекті байқамадым. Есесіне, «біз министрлік қасында отырмыз, сол себепті орташа  жалақымыз 587000 теңге, әрі бұл тым көп көрінуі мүмкін, бірақ біз айлықтан басқа премия да алмаймыз» деп отырсыз… Қор басшысы Болат Жәмішев өткізген зум арқылы өткен бірнеше жиналысқа қатыстым. Барлығы орыс тілінде сайрап отыр. Қазақша сөйлеп отырғаны 3-4 ғана”, – деп жазды блогер.

Дәулет Төлеутайұлының айтуынша, өзінен көмек сұрайтындар саны күн санап артуда. Ал мұқтаж жандарға көпшіліктен қаражат жинау арқылы көмек қолын соза алады.

“Білесіз бе, менің дайрегім көмек беріңізші деп еміне шипа іздеген жандардың хаттары толып кетті. Ватцапқа да күн сайын хаттар келуде. Қаншама ата-ана баласын емдегісі келіп, шыр-пыр болуда. Президент биыл «Балалар жылы» деді, бірақ сөз жүзінде қалып отыр!!! Қаншама белсенді жандар, блогерлер күні-түні тікелей эфирде ауырған балаларға ақша жинап, жаңа Қазақстанның онлайн қайыршысына айналып барамыз. Әйтеуір, қарапайым халық болып бір жыртығымызды жамап жатсақ, бір жеріміз жыртылып жатады!!!”, – дейді ол.

Журналист қор қаражаты жеткілікті болғанымен, халықтың пайдасына емес, өзге жағдайларға жұмсалып отыр деп ашулы.

«Қазақстан халқына» қорына олигархтар мен бай компаниялар ақша аудару керек деген-ді. Бүгінде жиналған ақша 120.000.000.000 теңге (120 миллиард) төңірегінде. Бірақ, бұл ақшадан сіздердің айлықтарыңыз бен министрлік қасында орналасқан ғимарат арендасына ғана ақша жұмсалып жатыр!!! Қарапайым халыққа нақты көмек қашан болады???”, – деді Дәулет.

Желі қолданушылары қолдау білдіріп, өз пікірін ортаға салды.

“Халықты ойлау емес, алдымен өз айлықтарын шешіп алып жатыр деген сөз!Нәтиже күтіп жүргенде халық қартайып кететін болды ғой”, “Жалғыз олар емес, біз де премия алмаймыз”, “Бізде бәрі сөз жүзінде қалады ғой, ертең оны да жеп, шет елге қашып кететін шығар. Бізде заң солқылдақ, тек қарапайым халықты қинау үшін жазылған”, “Мен баламның еміне көмек сұрап жазғанмын, күтудеміз жауап жоқ. Көмек алған адамдар бар ма, айтыңыздаршы өтініш”, “Сол қордың басқарушысы етіп сізді сайлауын халық болып талап етейік. Жәмішов жұмысын атқара алмайтын адам”, “Неге ол акшадан олардың отыратын орны мен жейтін тамағы төленуі тиіс. Халыққа деп айтылған соң халыққа көмегін көрсету керек емес пе? Бір тиынына дейін халыққа есебін беріп отыру керек емес пе? Оларға басқа жақтан төленуі керек”, – деп жазды олар.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда жаңа мерекелік күн белгіленбек

Қазақстанда жаңа мерекелік күн белгіленбек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ТАҢДАУДЫ  ХАЛЫҚ  ЖАСАЙДЫ

ТАҢДАУДЫ ХАЛЫҚ ЖАСАЙДЫ

10 месяцев ago
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы бөлімшелер құрылған

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы бөлімшелер құрылған

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In