• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Арман Қырықбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Арман Қырықбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Арман Қырықбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі болып табылады. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 25 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі болып бастаған.

1997-1999 жылдары-Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің атташесі, 1999-2000 жылдары-Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы, кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД істері комитетінің екінші хатшысы.

2002-2004 жылдары – «ABE корпорациясы» ЖАҚ Стратегия және маркетинг департаментінің директоры, 2004-2005 жылдары – «К-МАРТ» ЖШС Бас директоры. 2005 жылы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2005 жылдан 2006 жылға дейін Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры, 2006 жылдың сәуірінен 2008 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Арман Қырықбаев 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымында болды. 2014-2015 жылдары Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі болған.

Сондай-ақ, 2015 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы әкімінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы атқарған қызметі – Nur Otan партиясының хатшысы.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Бауырым үшін жүрегім ауырады»: «Дикий Арман» туралы жазған Артаев қызметінен босатылды

"Бауырым үшін жүрегім ауырады": "Дикий Арман" туралы жазған Артаев қызметінен босатылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Баға қатты өседі деп ойламаймын»: Жұманғарин баспана бағасы туралы сауалға жауап берді

«Баға қатты өседі деп ойламаймын»: Жұманғарин баспана бағасы туралы сауалға жауап берді

3 года ago
Санақ кезінде есік ашпаған қазақстандықтарға қандай шара қолданылады

Санақ кезінде есік ашпаған қазақстандықтарға қандай шара қолданылады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In