Бейжің Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіруден қазақстандықтардың жолы болмады.
Аталған спорт түрінен ел намысын Данил Васильев пен Сергей Ткаченко қорғады. Олар финалға жолдама алған 30 спортшының қатарына іліне алған жоқ. Данил Васильев 46, Сергей Ткаченко 41-орын алды.