• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Ажар Ғиният: Дәрігерлердің жалақысы жыл сайын артып отырады

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Ажар Ғиният: Дәрігерлердің жалақысы жыл сайын артып отырады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шортанды аудандық ауруханасында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлері ұжымымен кездесу өткізіп, онда денсаулық сақтаудың күтілетін жаңалықтары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Менің келуімнің мақсаты — тексеру емес, тікелей диалог құру, мәселелеріңізді талқылау, пациенттерді тыңдау. Кабинетте отырып қана, дұрыс шешім қабылдай алмаймын, өйткені ауылдық денсаулық сақтаудың барлық мәселелерінің тереңдігін сіздерден артық ешкім білмейді», — деп атап өтті А.Ғиният аурухана ұжымына.

Министр ауыл дәрігерлеріне коронавируспен тұрақты күрескендері үшін шын жүректен алғысын білдірді. Сондай-ақ, оның айтуынша, дәрігерлердің еңсесі түспеген, қайта олар дағдарысқа қарсы тұруды үйренді.

Ол бүгінгі сапар барысында келген үш дәрігерлік амбулаторияның тамаша кадрлық құрамын ерекше атап өтті.

«Менің ойымша, мұндай дәрігерлер бар пациенттердің жолы болғыш. Олар өз ісіне шын берілген, әйтсе де осындай кадрларды бағалап, оларға бар жағдайды жасау керек, әйтпесе олар елордаға кетуі мүмкін», — деді министр Шортанды ауданының әкіміне.

Ведомство басшысы өз тарапынан медицина қызметкерлерін қолдау үшін барлық күш-жігерді жұмсайтынын айтып, еңбекақыны арттыру жыл сайын жүргізілетінін еске салды.

Сонымен қатар, А.Ғиният Денсаулық сақтау жүйесіндегі басқа да жаңалықтар туралы айтып берді.

Осылайша, жақын арада медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы заң жобасы ұсынылатын болады. Ол медицина қызметкерлерін қылмыстық қудалаудан қорғауды, «дәрігерлер соттарда жүрудің орнына негізгі қызметпен айналыса алатындай» жазаның басқа түрлерін жеңілдетуді қарастырады.

А.Ғиният әрбір медициналық ұйым үшін тариф құрылымына енгізілетін сақтандыру төлемдерінің механизмі туралы айтып берді.

«Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің санатына қатысты өзгерістер күтілуде, олар біліктілік деңгейіне ауыстырылады. Сол 4 деңгей әрі қарай қала береді, тек белгілі бір критерийлер бойынша өзінің сәйкестігін дәлелдеу қажет болады», — деп хабарлады министр.

Кездесу соңында мекеме басшысы жергілікті билік өкілдерінен ауыл дәрігерлерін материалдық қолдау, техникалық жабдықтау, ескірген дәрігерлік амбулатория ғимаратын жедел жөндеу немесе ауыстыру мәселелерін шешуді сұрады.

Сондай-ақ, ол «100 күн — 100 сұрақ» жобасы аясында дәрігерлер мен тұрғындардың өтініштері негізінде талдау жүргізіліп жатқан денсаулық сақтаудың барлық өзекті проблемалары бойынша ашық тікелей диалогқа дайындығын білдірді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ермек Нарымбай Алматы әуежайында ұсталды

Ермек Нарымбай Алматы әуежайында ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстан Халық партиясы еліміздің Конституциясына 5 түзету енгізу туралы бастама көтерді. Аталған түзетулерді бүгін Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біріншіден, жер, оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі. Біз әрбір қазақстандықтың жер мен пайдалы қазбаларды иеленудің, одан табыс алудың конституциялық құқығы үшін жердің, жер қойнауы мен байлығының халықтық меншігін бекітуді ұсынамыз. Екіншіден, мемлекет ерлер үшін 63 жастан, әйелдер үшін 58 жастан бастап зейнетке шығуға кепілдік береді. Біз негізгі әлеуметтік кепілдік ретінде Конституцияда азаматтардың зейнетке шығу жасын белгілеуді және бұл мәселеде алдағы бірнеше жылға нүкте қоюды ұсынамыз. Бұл ретте әйелдер үшін зейнет жасын арттыру шешімін түзетіп, оны 58 жасқа дейін төмендету қажет деп санаймыз», – деді партия төрағасы, Оның айтуынша, үшінші түзету– мемлекет жыл сайын зейнетақыны, шәкіртақыны және әлеуметтік жәрдемақыны өткен жылғы инфляциядан жоғары деңгейге индекстеуге міндеттенеді. Осы ретте Халық партиясы зейнетақыны, шәкіртақыны және бюджеттен төленетін барлық әлеуметтік төлемдерді жыл сайын міндетті түрде инфляция деңгейіне индекстеу туралы түзетуді ілгерілетеді. Бұл шығыстар басым сипатқа ие болуы керек және Үкіметтің шешімдеріне тәуелді болмауға тиіс. Төртінші, мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобаларын енгізу кезінде Үкіметтің оң қорытындысының болуы туралы норма алынып тасталуы қажет. «Бесінші – атқарушы биліктің Парламентке есептілігін бекіту. Атқарушы билікке парламенттік бақылауды күшейту қажет. Министрлер депутаттарға үнемі есеп беруі керек. Есеп бекітілмеген және сенімсіздік білдірілген жағдайда министрлер отставкаға кетуге тиіс», – деді Ермұхамет Ертісбаев.

3 года ago
Таксистер мен курьерлерге арналған пилоттық жоба салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктерді жояды

Таксистер мен курьерлерге арналған пилоттық жоба салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктерді жояды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In