• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Қоғам

Қазақстандықтар Алматы қаласының атауын өзгертуге петиция жариялады

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Қазақстандықтар Алматы қаласының атауын өзгертуге петиция жариялады
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандықтар Алматы қаласының атауын Алма-Ата деп өзгертуге петиция жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Біз екі миллион тұрғыны бар шаһар құлаққа жағымды әрі баршаға ұғынықты атауды иеленгенін қалаймыз. Бұл тұрғыда Алма-Ата атауы ең дұрыс нұсқа деп есептейміз. Сондай-ақ «ты» жалғауы қазақ тіліне жат. Бұл бізге жоңғардан енгенін ғалымдар да мойындауда. Ал «Алма-Ата» сөзі орысшаға аударғанға да ыңғайлы. Сондықтан қаланың жаңа әкімін шаһардың атауын өзгертуге шақырамыз” – делінген петицияда.

Алматылықтардың пікірінше, қалаға бұрынғы атауын қайтару туралы ұсыныспен журналист Сейітқазы Матаев шыққан. Сонымен қатар, жазушы Олжас Сүлейменов 2021 жылдың тамыз айында жаңа атаулар жазумен ғалымдар емес, әкімдіктердің қарапайым қызметкерлері айналысқанын атап өтті. Осылайша карталарда Алматы атауы пайда болған.

“Алма-Ата — қазақ тілінде «алма атасы» дегенді білдіретін әдемі атау. Біз Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаевтан сүйікті қаламыздың атауын Алма-Ата деп өзгертуді талап етеміз! Барлық жанашыр қазақстандықтарды Алма-Ата атауын қайтаруға дауыс беруге шақырамыз», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда петицияға қол қоюшылар саны 7944 адамға жеткен.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны Алма-Ата деп қайта атауға өз ойын айтқан болатын.

«Алматы атауына келсек, не үшін құжаттарды қайта өзгертуіміз керек? Алматы атауы қазақ тілді азаматтар үшін, ал Алма-Ата атауы орыс тілді азаматтар үшін ыңғайлы. Осы орайда былай деп келісейік, Алматы қаласының атауын сол күйінде қалдырайық. Ал қалай атайтыны әр адамның еркінде болсын. Мысалы, Қытай елінің астанасы Бейжің, ал біз оны Пекин деп атаймыз», – деді Тоқаев.

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Қазақстанда жанармайды шетелге шығаруды шектеу мерзімі ұзартылмақ

Қазақстанда жанармайды шетелге шығаруды шектеу мерзімі ұзартылмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

МАЖАРСТАН ЖОО-ЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА 250 ГРАНТ БӨЛДІ

МАЖАРСТАН ЖОО-ЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА 250 ГРАНТ БӨЛДІ

3 года бұрын
Үшеуі де Шымкенттен: Фристайл-акробатикадан ел намысын қорғайтын спортшылар туралы не білеміз

Үшеуі де Шымкенттен: Фристайл-акробатикадан ел намысын қорғайтын спортшылар туралы не білеміз

4 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In