• RU
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Жыл сайын елімізде 1 500-ге жуық адам өндірісте жарақат алады

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Жыл сайын елімізде 1 500-ге жуық адам өндірісте жарақат алады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«2020 жылы тексерілген 1,6 млн. жұмысшының 22% зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істегені анықталған. Нәтижесінде жыл сайын 500-ге жуық жұмысшыдан кәсіптік аурудың алғашқы белгілері тіркелуде. Одан басқа, 2020-2021 жылдары, еңбек инспекторларымен анықталған 11 мыңнан аса бұзушылық болса, соның 34% еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында тіркелген», — деп атап өтті Нариман Төреғалиев.

Қазіргі уақытта елімізде 300 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Алайда, оларда мемлекеттік бақылауды тек 237 еңбек инспекторы ғана жүргізеді. Инспекторлардың жетіспеушілігіне байланысты жыл сайын ұйымдар мен кәсіпорындардың тек 3%-ын тексерумен қамту мүмкін болып отыр. Сенатор түсіндіріп өткендей, бұл құзыретті органдар өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алумен күреспейді, тек өткен шақпен ғана жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инспекторлар жоспарлы тексеру жүргізу туралы 30 күнтізбелік күн бұрын ескертуге міндетті. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін халықаралық еңбек ұйымының нормалары бойынша инспекторлар жоспардан тыс тексеру жүргізуге де құқылы болуы тиіс.

«Баяндалғанды ескере отырып, Кәсіпкерлік кодексте көзделген еңбек инспекторларының қызметін шектеу туралы нормаларды Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларына сәйкес келтіру маңызды деп санаймыз. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторларының санын арттыру мәселесін пысықтау, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалар фактісі туралы уақтылы хабарламағаны үшін жұмыс берушінің әкімшілік жауапкершілігін күшейту мәселесін қарау қажет», — деді сенатор.

Депутат сондай-ақ сенаторлардың бастамасы бойынша қазір еліміздің «Еңбек кодексіне» тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеуге дайындалып жатқанын атап өтті.

Tags: өндірістегі жарақат
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бауыржан Байбек қызметінен кетті

Бауыржан Байбек қызметінен кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Кинотеатр, банкет залдары мен тамақтану нысандары қайта ашылады

Кинотеатр, банкет залдары мен тамақтану нысандары қайта ашылады

4 года ago
Баян Алагөзова Алматыдағы президент резиденциясын балалар орталығына айналдыруды ұсынды

Баян Алагөзова Алматыдағы президент резиденциясын балалар орталығына айналдыруды ұсынды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In