• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Спорт

Бейжің Олимпиадасында ел намысын қорғайтын спортшылардың толық құрамы анықталды

by Jasyn
06/03/2024
in Спорт
0
Бейжің Олимпиадасында ел намысын қорғайтын спортшылардың толық құрамы анықталды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қысқы спорт түрлерінен Қазақстан ұлттық командасының бас бапкерлері 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысатын құрамды нақтылады. Қысқы Олимпиадада ел намысын 34 спортшы қорғайды, деп хабарлайды  Olympic.kz басылымы.

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) шешімі бойынша Қазақстан командасына шаңғымен жарысудан қосымша бір жолдама берілген. Бұл тағы бес дисциплина бойынша бақ сынауға мүмкіндік сыйлады. Сонымен қатар фристайл-могулдан тағы бір квота бөлінді.

Шаңғымен жарысудан еліміздің атынан жеті спортшы сынға түседі. Олар: Виталий Пухкало, Евгений Величко, Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашкина және Ангелина Шурыга.

Фристайл-могулдан бақ сынайтын спортшылар қатарында Юлия Галышева, Аяулым Амренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков бар.

Шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев Қазақстан намысын қорғайды.

Тау шаңғысынан қазақстандық Захар Кучин слалом мен гигантты слаломда сынға түссе, әйелдер арасындағы слаломда Александра Троицкая жарыс жолына шығады.

Шаңғымен секіруден Сергей Ткаченко мен Данил Васильев Олимпиада жолдамасын иеленді. Шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаров ел намысын қорғайды.

Биатлоннан Галина Вишневская-Шепоренко, Александр Мухин мен Владислав Киреев, конькимен жүгіруден Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников пен Денис Кузин өнер көрсетеді.

Шорт тректен бес спортшы бақ сынайды. Олар: Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Ольга Тихонова.

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 87 жолдама жеңіп алды. Көк туды Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова көтеріп шығады.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Экология вице-министрі мен «Оператор РОП» басшысы ұсталды

Экология вице-министрі мен "Оператор РОП" басшысы ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қытайда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық зертхана ашылды

Қытайда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық зертхана ашылды

4 года ago
Наурызда қандай салт-дәстүрлер ұмыт қалған?

Наурызда қандай салт-дәстүрлер ұмыт қалған?

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In