• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазақстандықтар ұлттық музыкалық аспаптарды тегін үйрене алады

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
Қазақстандықтар ұлттық музыкалық аспаптарды тегін үйрене алады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін елордада бір топ мәдениет және өнер саласының қызметкері коронавирусқа қарсы қайта вакцина салғызды. Осы тұста өнер мамандары қалың жұрт вакцина алып, мәдениет мекемелері қызметінің қайта жанданғанын қалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде кітапханалар оқырмансыз жұмыс істеп жатыр. Сол сияқты театр жұмысы да онлайн форматқа ауысты. Осы орайда танымал өнер қайраткерлерінің қатысуымен театр өнері тақырыбына арналған онлайн дәріс өткізуді жоспарлап отырмыз. Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы өтеді. Кейін оның видеосы YouTube желісіне жүктеліп, кез келген адам көре алады. Онлайн дәріс ақпан айында басталады. Сондай-ақ домбыра, жетіген және басқа да музыкалық аспаптарды үйренем деген жандар үшін Е.Рахмадиев атындағы академиялық филармониясының қызметкерлері Zoom арқылы тегін үйрету сабақтарын өткізбек», — деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Санат Шапашов тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Одан бөлек, басқарма басшысы карантин талаптары жеңілдеген уақытта шығармашылықпен студияда айналысуға болатындығын алға тартты. «Коронавирусқа қарсы вакцина алу керектігі әлемде мойындалып отыр.

Сонымен қоса ревакцинация қарқынды жүріп жатыр. Біз мәдениет нысандарының қалыпқа сай жұмыс жасағанын қалаймыз. Көрермендер театр мен концертке емін-еркін келсе дейміз. Біздің мамандар карантиннің аяқталуын асыға күтуде. Сондықтан біз өнер адамдары баршаны вакцина және қайта вакцина алуға шақырамыз», — дейді ол.

Оның айтуынша, елордада 2 мыңға жуық мәдениет және өнер саласы қызметкерінің 1700-і індетке қарсы вакцина алды. Қалғанында екпе алуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында мәдениет және өнер қызметкерлері ревакцинация жасатты.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан облысында журналистті өлтіруге тапсырыс берген шенеуніктің кім екені белгілі болды

Түркістан облысында журналистті өлтіруге тапсырыс берген шенеуніктің кім екені белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ТЖМ қызметкерлері 5 балықшыны құтқарды

ТЖМ қызметкерлері 5 балықшыны құтқарды

3 месяца ago
«Сегіз жылдай бөпе көрмедік»: Қыдырәлі Болманов Қарақат екеуінің басына түскен сынақ жайлы айтты

«Сегіз жылдай бөпе көрмедік»: Қыдырәлі Болманов Қарақат екеуінің басына түскен сынақ жайлы айтты

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In